Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Микоздармен күрес жүргізу шаралары мен профилактикасы



Pdf көрінісі
бет139/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Микоздармен күрес жүргізу шаралары мен профилактикасы


Аяқ басы мен тегіс терінің микозының жайылуы, әсіресе қала 
халқының арасында, осы аурудың қоғамдық, сонымен қатар жеке 
профилактикалық шараларды жүргізу қажет екенін түсіндіреді. 
Профилактика аурушаңдық санын (халық арасында әртүрлі 
топтар, әртүрлі өндірістер және т.б.), оның анализі, белсенді 
анықталуы және науқастарды уақтылы емдеу, сонымен бірге 
аурудың жасырын формалары бар науқастарды анықтау болып 
табылады. Монша, душтар, бассейндер, сонымен қатар спорттың 
су түріне қатысатын адамдар ерекше бақылауға алынады. 
Мекемелерде профилактикалық шаралар өндіріс түріне 
байланысты. Мысалы, таскөмір және таукен өндірісінде 
шаңбасумен, жоғары ылғалдықпен, металлургиялық және 
текстильді – организмнің ысуымен және т.б. күресу қажет. Аяқ 
киімдерді формалинмен (25%) уксус қышқылы (40–70%) 
дезинфициялайды. Дезинфицияланған ерітіндіде ылғалданған 
тампонның көмегімен аяқ киім ішкі беткейін сүртеді, содан кейін 
олардың әрқайсысын полиэтиленді пакетке салады, оны тығыз 
жабады және 1 тәулікке қалдырады, содан кейін аяқ киімді 
бірнеше күн желдетіп қояды. Осындай дезинфекцияны науқастың 
аяқ киімін айына 1 рет, науқастың сау тырнақтары өскенше дейін 
жүргізеді. 
Науқастарды диспансерлік бақылау 1 жыл бойына жүргізіліп, 
кварталына 1 рет тексеріс жасалады. Ем кезінде екі реттік алдын 
ала және соңғы дезинфекциялық санитарлық өңдеу жасалады. 
Балалар 
мекемелерінде, 
бассейндерде, 
душтарда 
және 
моншаларда жасайтын жұмысшыларды тексеру және емдеу 
жүйелік түрде жүргізіледі. Профилактикаға гигиеналық және 
моншаларды 
(едендерін, 
кілемдерді, 
ағаш 
торларды, 
отырғыштарды, шлапшындарды), душтарды, бассейіндерді жиі 
дезинфекциялау жатады. Жеке профилактика үшін аяқтың, 
қолдың терісін күту, тек өз аяқ киімін кию, моншаға арналған аяқ 
киім кию, жоғары тершеңділікті жою қажет. Науқастың аяғына 
жеке сүлгісі, сонымен башпай аралық қыртыстарын сүрту, іш 
киімдерін сабынды-содалы ерітіндіде қайнату және тырнақтарын 
алуға жеке қайшысы болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет