Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет178/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Күйіктің 4 дәрежесі бар.
Күйіктің I-ші дәрежесінде терінің 
зақымдалған аймағында эритема және азғана ісіну (субъективті 
қыжынау және ауырсыну) байқалады. Күйіктің II-ші дәрежесінде 
гиперемия мен ісіну фонында көпіршіктер пайда болады. III-ші 
дәрежелі күйік дерманың беткей қабатының қабыршақсыз 
өліеттенуі байқалады. Күйіктің IV-ші дәрежесінде, түсіп 
қалғаннан кейін ойық жара пайда болатын, қабыршақтың пайда 
болумен, дерманың барлық қабаттарының өліеттенуі (некрозы) 
байқалады. Болжамы тек қана күйік дәрежесіне, организм 
жағдайына, екіншілік инфекцияның қосылуына ғана емес, ең 
бірінші күйген жердің аумағына, мөлшеріне байланысты. 
Сыртқы 
төмен 
температураның 
тіндерді 
салқынмен 
зақымдалуын үсік 
(congelatio)
деп атайды. Үсік 4 кезеңнен 
тұрады. Үсіктің I-ші дәрежесінде зақымдалған тері аймағында 
тоқыраулы-көгілдір түс пайда болады, ісіңкі болып келеді 
(субъективті тызылдату және кышыну сезіледі). Үсіктің ІІ-ші 
дәрежесінде зақымданған теріде жоғарыдағыдай өзгерістер 
болады, сонымен қатар зақымдалған аймақта ішінде серозды және 
серозды-геморрагиялық сұйықтықтар бар көпіршіктер пайда 
болады). III-ші дәрежеде зақымдалған тері аймақтары өліеттенеді, 
қабыршақ пайда болады (науқас науқас қатты ауырсынады). IV-


шi дәрежеде тіндердің терең некрозы (сүйекке дейін өтетін) 
дамиды. Үсіктің пайда болу алдында, зақымдалған аймақтың
салқындауымен, ақшыл тартуымен және зақымдалған аймақтың 
сезімталдығының жоюылуымен білінетін жасырын кезең 
анықталады. Әдетте, үсу жиі адамның ашық, шеткі бөліктерінде 
(аяқ-қол бастары саусақтары, мұрын және ұрт терілері) 
байқалады. Салқындау дененің ашық және дистальды бөлігінде 
орналасады (саусақта, мұрын ұшында, құлақтың ұшында). Үсуге 
ауаның ылғалдығының жоғары болуы, жел, аяқ киімнің тар болуы
тіндердің (бұдан бұрын басынан өткен үсулер, жоғары тершеңдік, 
жарақаттар алу және басқалар) және бүкіл организмнің 
(физикалық зорығу, күйзеліс, витаминжетіспеушілік, жедел және 
созылмалы инфекциялық аурулардан кейін организмнің әлсіреуі, 
көп қан жоғалту, алкоголь қолдану және т.б.) қорғаныстық 
қабілетінің төмендеуі. Организмнің бұндай жағдайлары оң мәнді 
температурада да (5-8
о
С) үсуге ықпал етуі мүмкін. 
Ұзақ уақыт дененің салқындауы астенизацияланған адамдарда 
(жиі балалар мен жасөспірімдерде) ылғалдылықпен, А, С, 
гипавитаминозымен қосрлануында дірілдеу 
(periones) 
деп 
аталатын терінің ерекше өзіндік зақымдалуы байқалады. Дірілдеу, 
әсіресе күзде қайталанып отырады, жаз мезгілінде ремиссия 
байқалады. Арудың дамуына аяқ-қолдарының акроцианозға 
бейімділігі, ылғалды, жеткілікті жылымайтын жайларда жұмыс 
жасау және тұрақты тұру бейімдейді. Шеткі және ортаңғы 
саусақтар фалангасындарда және буындарда цианозды-қызылдау 
түсті немесе ұртында бозғылт-қызыл түсті көкшіл реңмен 
шамалы шектелген, тығыз немесе жұмсақ консистенциялы ісіну 
пайда болады. Науқасты жылытқанда қышыну мен күйдіру сезімі
күшейіп, пальпацияда ауырсыну пайда болады.
Теріге күн сәулесінің әсер етуі жедел немесе созылмалы күн 
дерматитінің 
(dermatosis solaris)
пайда болуына әкеледі. 
Дерматиттің пайда болуына негізінен қысқа толқынды 
ультракүлгін сәулелер ықпал етеді. Күн көзінде ұзақ уақыт болуға 
үйренбеген, терісі нәзік, әлсіз пигменттелген адамдарда 
(блондиндер) жедел күн дерматиті дамуы мүмкін. Ионды реакция 
(рентген өткізгіш альфа-, бетта-, гамма-нейтронды сәулелену) 


жедел және созылмалы сәулелі дерматитті дамытады. Күн сәулесі 
теріге тікелей түсуінің әсерінен жедел және созылмалы күн 
сәулелі дерматит пайда болады 
(dermatitis solaris)
. Дерматиттің 
пайда болуына басты себеп қысқа толқынды ультракүлгін
сәулелері. Ұзақ күн сәулесіне болуға үйренбеген, нәзік, аз
пигменттелген адамдар терісінде жедел күн сәулелі дерматит
пайда болуы мүмкін. Ол күн көзінде болғаннан кейін бірнеше 
сағаттан соң қызарумен, ісінумен кейде көпіршіктер пайда
болуымен көрініс береді. Процесс күю және ауырсынумен
көрінеді. Жалпы белгілері: терінің қызаруы, бөртпелер, терінің 
қышуы және ауырсыну сезімімен білінеді. Жалпы белгілері: 
(бастың ауруы, құсу, дене температурасының көтерілуі). Бірнеше 
минуттан кейін тері түлеп, пигменттер кете бастайды. 
Балықшылырда, теңізшілерде, ашық аспан астында жұмыс 
жасайтындарда (егіс алқабында, құрлыста жұмыс жасатындар 
және басқалар) терінің инфильтрациясымен, пигментациясымен 
және құрғақтығымен білінетін созылмалы күн дерматиті дамуы 
мүмкін. Иондалған радиацияның бірнеше түрлері (ренгенттік 
сәулелер, альфа-, бета- және гамма-сәулелер, нейтронды 
сәулелер) жедел немесе созылмалы сәулелік дерматитке әкелуі 
мүмкін. Сәулелі дерматиттің айқындылығы енген сәуленің 
дозасына, ену қабілетіне, сәулеленген ауданға және жеке 
сезімталдыққа байланысты. Осы факторларға байланысты жедел 
сәулелі дерматит ісінумен және эритемамен (өзіндік көгілдір
немесе көкшіл реңмен), буллёзды реакциямен көрініс береді. Бұл
жағдайларда 
процесс 
терінің 
атрофиясымен, 
телеангиоэктазияның пайда болуымен және пигментациясының
бұзылуымен («ала-құла», «рентгендік» тері) және жалпы ауыр
құбылыстармен некротикалық реакциялар беріп аяқталады.
Теріні 
«жұмсақ» 
рентген 
сәулелерімен 
қайталап 
салыстырмалы жоғары емес дозамен сәулелендірсе созылмалы
сәулелі дерматит пайда болады. Соңғысы басынан өткергеннен 
жедел дерматиттің нәтижесі де болуы мүмкін. Пойкилодерма 
(ала-құла тері) құрғақ, солуы байқалатын жұқарған теріде пайда 
болады. Тері созылғыштығын жойып, телеангиоэктазалар, 
гиперпигметтелген және депигментацияланған аймақтар болып 


кетеді. Ониходистрофия, қышу байқалуы мүмкін. Созылмалы 
сәулелі тері зақымдануы қатерлі папиллома, гиперкератоз, 
сүйелді өсінді пайда болуына ықпал етеді. Сәулелік терінің 
созылмалы 
зақымдануы 
зақымдалған 
аймақтарда 
папилломалардың, гиперкератоздардың, қатерлі ісік ауысып кетуі 
мүмкін сүйелді өсінділердің пайда болуына ықпал етеді.
Сәулелі дерматит ұзақ байқалған жерлерде кеш сәулелі деп 
аталатын дерматит дамиды, олардың ішінде кеш сәулелі 
трофикалық жараны және сәулелік обырды атап айтқан жөн.
Химиялық өндірістің дамуына сәйкес дерматиттер себебі бола 
алатын химиялық заттардың саны үздіксіз арытып келеді. 
Көптеген жоғары концентрациялық химиялық ерітінділері
некроз пішінді, түсіп қалғаннан кейін ойық жара ашылатын 
қабыршақты, жедел дерматит туғызады. Бұл заттардың әлсіз 
концентрациялары ұзақ әсер етсе, десквамациямен, терінің 
құрғақтығымен, кейде терінің құрғауымен, сылынуымен және 
ауырысынатын жарылулардың пайда болуымен сипатталатын 
созылмалы дерматитке алып келеді. Балаларда ванналар немесе 
кішкене 
(бөлектенген) 
ванналар 
жасауға 
арналған
дезинфицирлеуші заттардың концентрациясының жоғары болуы
химиялық дерматиттке әкелуі мүмкін.
Жай дерматиттерге, адам терісінің көбелек құртымен 
қатынаста болған кезінде, безді клеткаларынан бөлінген 
заттардың әсер ету нәтижесінде пайда болатын, көбелек құрты 
дерматиттері де жатады. Қатынаста болғаннан кейін бірнеше
минут өткеннен кейін қызғылт түсті уртикарлы ісікті жолақ 
(теріде көбелек құртының жүру жолы бойынша) түріндегі 
дерматит пайда болады. Теріні қасығанда көбелек құртының 
түктері терінің басқа жерлеріне апарылып, ол жерлерде де 
эритема және уртикариялар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет