Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет177/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
2.5.1.
 
Қ
АРАПАЙЫМ 
(
ЖАНАСПАЛЫ АРТИФИЦИАЛЬДЫ
)
 ДЕРМАТИТ 
 
Қарапайым (артифициальды) қатынастық дерматит тек 
қана тітіркендіргіш фактор әсер еткен жерде пайда болады

Бұнда сенсибилизация және диссеминацияға немесе шеткі өсуге 
бейімділік жоқ. Сонымен қатар тітіркендіргіштің әсері 
тоқтағаннан кейін 1-2 апта өткен соң өзі (тіптен белсенді емсіз-ақ) 
жойылады. 
Қарапайым 
қатынастық 
дерматит 
жедел, 
тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін тез пайда болады.
Қарапайым дерматиттің негізгі себебі физикалық (соның 
ішінде механикалық), химиялық және биологиялық факторлар 
болуы мүмкін. Қарапайым дерматит көбіне өндірістік 
жағдайларда байқалады, онда оны кәсіби дерматит деп атайды.
Дерматит шақыруы мүмкін механикалық себептерге, әсіресе 
ұзақ әсер ететін, қысым, және үйкелену жатады. Бұндай 
факторлардың әсері қажалуларға, мысалы: аяқ басында тар аяқ- 
киім кигеннен, ауыр физикалық жұмыс жасағанда қолға ұстаған 
құралмен басылуынан алақандарда, тері қыртыстарында, әсіресе 
емшек жасындағы балаларда, бір-біріне тиіп тұрған беттердің 
үйкеленуіне байланысты – мацерацияға әкеледі. Қажалуларда 
гиперемия мен ісіктер пайда болады, ал кейде ішінде серозды 
немесе геморрагиялық сұйықтық бар күлдүреуіктер пайда 
болады. Күлдіреуіктер жарылғанда, әсіресе ұзақ жарақаттану 
байқалғанда, жарақаттанған аймақтың мөлшеріне сәйкес 
эрозияланған беткейлер пайда болады. Субъективті науқастарда 
ауырсыну мен қышу сезімі байқалады. Күштері онша үлкен 
болмайтын созылмалы қысым мен үйкеленуде тері зақымдалған 
аймағы 
тығызданып, 
тері 
инфильтрациясы 
нәтижесінде 
лихенизацияланып, эпидермистің қалыңдауы мен гиперкератозы 
пайда болады.
Балалардағы дерматиттің бір түрі 
интертриго
немесе баздану
деп аталады. Ол терінің жаялық, киім қыртыстарымен, тітіркенуі 
нәтижесінде гиперемия, эпидермистің мацерациясымен, кейде


сулануымен (эрозиялар пайда болғанда), қыздырып ашыту және
ауырсыну сезімімен білінеді.
Қажалу мен баздануға пиогенді немесе саңырауқұлақ
инфекциясының қосылуы клиникалық көрінісін өзгертіп, қабыну
процесін ұлғайтады және ағымын қажырлылау етеді.
Қарапайым қатынастық дерматит жоғары және төменгі 
температурада (күйіктер, үсу, дірілдеу) пайда болуы мүмкін, 
ультракүлгін сәулелер (сәулелі дерматит, сынапты-кварцты 
шаммен сәулелендірудегі дерматит), рентгендік және ионды 
радиоактивті сәулелендіру (иондалған радиациялар әсерінен
сәулелік дерматиттер дамиды).
Терге жоғары температураның әсер етуі адамның денесінің 
күюіне 
(combustio)
әкелуі мүмкін. Балаларда дерматит 40
o
С 
температурадан артық ванналардан немесе кішкене (бөлектенген) 
ванналардан кейін пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет