дерматит
туғызуы
мүмкін.
Құрамында
фторы
бар
кортикостероидты майларды қолдану терінің бактерицидті
қасиетін жойып, көптеген периоральді дерматиттің патогенезінде
маңызды роль атқаратын кенелердің өсіп-өнуіне жақсы жағдай
жасайды.
Кәдімгі безеулермен қатар
шар тәрізді безеулер
(acne
conglomata)
де кездеседі. Олардың мөлшері үкен,
айқын
инфильтрациясы болады, дерма мен тері асты шел май қабатының
тереңінде орналасады. Көбінесе мұндай безеулер бір-бірімен
қосылысып, беткейі тегіс емес төмпешікті көлемді инфильтрат –
конглобатты безеуді құрайды
(86-сурет)
. Кейбір безеулердің
ортасында абсцесс болуы мүмкін. Мұндай безеулерден кейін
тыртық қалады. Конглобатты безеулер – тек себореялық аймақта
ғана емес, арқа, құрсақ және аяқ-қолда
да кездесетін ауыр ағымды
ауру.
Найзағай тәрізді безеу (acne fulminans)
– тері ауруларының
көбінесе жасөспірім ер балаларда кездесетін сирек ауыр түрі.
Күтпеген жерде терісінде (бірақ, бетте емес) жаралы-
некротикалық пиодермияны еске түсіретін пустулезді және тез
жараға айналатын денеде папулезді элементтер пайда болады.
Терілік белгілер жалпы белгілермен қатар жүреді: дене қызуының
38°С-қа не одан да жоғарыға көтерілуі, бұлшықет пен буынының
ауырсынуы, тәбеті жоғалуы.
Инверсті безеу
қолтық асты мен бұтаралық аймақта
орналасқан апокринді бездердің зақымдалуымен байланысты. Тар
киімнің үйкелуі және ішінде анаэробы бар шаш қапшығы мен тер
бездерінің шығару өзегін бітеп тастайтын антиперспиранттар
қолдану ауру дамуына әсерін тигізеді. Ірің бөліп және фистулезді
жолдар түзумен жарылатын
бұдыр және ауырсынатын
инфильтраттар түзіледі.
Емі.
Әдетте жеңіл безеулік ауру жергілікті еммен жазылады.
Бұрын қолданылып келген құрамында салицил қышқылы бар
спирттік ерітінділер мен резорциннің орнына жаңа препараттарға
жол берді. Зинерит лосьоны (эритромицин-цинк кешені)
микробқа, қабынуға қарсы және комедонолитикалық әсер етеді,
оған қоса цинк май безі өндірілуін азайтады. Бензоил тотығы (5-
10%) оттегі бөліп шығарып,
P.acnes
-ке бактерицидтік әсер етеді.
Азелаин қышқылы (скинорен) кешенді әсерге ие: май безінде
қабынуды азайтып, онда микроорганизмдердің дамуын тежеп,
шаш қапшығы қабырғасының гиперкератизациясын тоқтатады.
Безеудің орта және ауыр түрлерінде кешенді ем жүргізу
қажет. 2 аптадан 3–4 айға дейінгі
мерзімде тағайындалатын
тетрациклин қатарының препараттарының нәтижелілігі неғұрлым
жоғары. Науқасқа антибиотиктің фотосенсибилизаторлық әсері
туралы және жүктілік пен лактация кезінде қолдануды тоқтату
керектігін ескерту қажет. Ең нәтижелі дәрілік зат ретінде А
дәруменінің синтетикалық туындысы – изотретиноинді (13 цис-
ретиной қышқылы) айтуға болады. Ем курсы 4-5 ай, курс
барысында қанның биохимиялық талдауын жасап, дәрігер
бақылауында болу керек. Препаратты жүктілерге, емізуші
аналарға, қанында ушглицерид пен
холестерині көп адамдарға
тағайындауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері – тератогенді әсері, тері мен еріннің
құрғауы, орнына келетін шаштың түсуі. Ем кезінде әйел адамдар
сенімді контрацептив қолдануы керек, олар да себостатикалық
әсерге ие. Антиандрогенді емді (спиронолактон мен ципротерон
ацетаты) қанында тестостероны көп және гирсутизмі бар әйелдер
де, еркектерде де қолданады. Препарат еркектерде гинекомастия
мен либидоның азаюын тудырмайды.
Жергілікті
ем
үшін
антибиотиктер
тағайындалады:
клиндамицин мен эритромицинді ретиноидпен (третиноин)
кезектестіреді. Бұл А дәруменінің дериваты мүйізді
қабаттың
қалыңдығын жұқартып, май бездеріндегі кератиноциттердің
тіркесуін азайтып, қабынуды басады, басқа емдік заттардың енуін
жақсартады. Алайда нәтижесі тек 4-6 аптадан соң ғана көрінеді.
0,1%-қ
гель
түріндегі
адапаленнің
комедолитикалық,
қабыршақтандыратын әсері бар. Клиникалық толық жақсаруға
қол жеткізу үшін гельді ұзақ уақыт (3 айға дейін) күнделікті 2 рет
жағып тұру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: