Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Болжамы. Жағымды Алдын-алу



Pdf көрінісі
бет191/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Болжамы.
Жағымды
Алдын-алу.
Организмді санациялау, шынықтыру жүргізіледі. 
Кейбір науқастарда гамма-глобулин, стафилококты анатоксинді
қайталап енгізу жақсы нәтиже береді. 
Есекжем және Квинке ісігі
 
аллергиялық реакцияның жедел 
типіне жатады. Есекжем тез пайда болып және тез жойылатын 
күлдіреуіктерден тұрады. Квинке ісігі терінің және тері асты шел 
майының ісінуімен, еріннің және тілдің көлемінің айтарлықтай
үлкеюімен білінеді. Науқас алақаны мен табанның ашуы мен 
қышуына, төс астының ауырсынуына жүректің қатты соғуына, 
әлсіздікке шағымданады. Бронхоспазм, құсу, жүрек айну, іштің 
өтуі, артралгия анафилактикалық шоктың даму қаупінің негізгі 
белгілері.
Аллергиялық реакцияның дамуы механизмі IgE арқылы 
жүреді, сонымен қатар комплименттің иммундық кешендермен
активтелінуі және комплименттің С3а және С5а фрагментінің 
дегрануляциясы 
болады. 
IgE-нің 
қатысуымен 
әдетте, 
антибиотиктер, әсіресе пенициллиндік қатар себебі болатын 
реакциялар, комплименттің қатысуымен – иммуноглобуллиндер, 
сонымен қатар пенициллин енгізгендегі реакциялар жүреді. Егер 
механизм 
IgE 
клеткасы 
арқылы 
іске 
асса, 
бұрын 
сенсибилизацияланған науқаста есекжем препаратты енгізгеннен 
кейін бірнеше минуттан соң білінеді. Иммундық кешендер 
арқылы іске асқанда сенсибилизацияланған науқастарда 
аллергиялық реакция 12-36 сағаттан соң пайда болады. 


Сенсибилизация әдетте, ұзақтығы 7-21 күн аралығында жүреді, 
сондықтан есекжем емдеу кезінде және гиперсезімділікке 
жауапты препаратты алып тастағаннан кейінде байқалуы мүмкін. 
Есекжем, Квинке ісігі және анафилактикалық шокты 
тудыратын 
препараттар 
әртүрлі 
топқа 
жатады. 
Бұлар 
антибиотиктер (пенициллин, бензилпенициллин, ампициллин, 
амоксициллин, цефалоспорин), цитостатиктер (фторурация, 
блеомицин, даунорубицин), иммуномодулятор (левамизол), 
вакциналар (иммуноглобулин, жылқы сарысуы), антиаритмиялық 
заттар (амиодарон). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет