сурет).
Эрозиялардың бетінде сарғыш-сұр жабынды болады,
оларды алып тастағанда жеңіл қансырайды.
Еріндерде
эрозияның
бетінде,
ауыздың
ашылуын
қиындататын қанды қабыршықтар пайда болады;
сөйлеу және
сұйық тамақтың өзін ішу қиындайды. Ауыз қуысының кілегей
қабатындағы бөртпелер, терідегіден 4-6 апта кейінрек жазылады.
Ісінулі, күрт шектелген дақтар немесе тегіс алқызыл түсті
папулалар тез 2-3 см-ге ұлғаяды.
Бөртпелердің орталық бөлігі
аздап басылып, көкшіл түсті рең қабылдайды, ал шеткі бөлігі
қызғылт-қызыл түсін сақтап қалады.
Элементтердің
орталық
бөлігінде
серозды,
сирек
геморрагиялық, сұйықтықпен толған
көпіршіктер пайда болуы
мүмкін
(98-сурет).
Көпіршіктер өзгермеген теріде де пайда
болуы мүмкін. Субъективті күю сезімі, кейде қышу байқалады.
Экссудативті
эритеманың
клиникалық
көрінісі
ауыз
қуысының кілегей қабатында теріге қарағанда монотондылау,
бірақ айтарлықтай ауыр болып келеді. Кенеттен жазылған немесе
шектелген ісікті эритема пайда болады. 1-2 күн
өткен соң
көпіршік пайда болып, 2-3 күнге дейін сақталады да, содан кейін
жарылады да, олардың орнына қатты ауыратын, кейде бір-бірімен
қосылып, үлкен аймаққа айналуы мүмкін, кейде ауыз қуысының
және еріндердің барлық кілегей қабаттарын қамтып кетуі мүмкін,
эрозиялар пайда болады
(99-сурет)
. Эрозияларға,
жеңіл
сыдырылатын, бірақ одан кейін қан кететін сары түсті жабынды
жамылады. Никольский белгісі теріс. Кейбір науқастарда ауыз
қуысының кілегей
қабатының көлемді зақымдануы, ал
кейбіреулерінде экссудативті эритема ұстамасы тек қана шамалы
ауыратынын эритроматозды немесе эритроматозды-буллезді
бөртпелермен білінеді. Еріндерде эрозиялардың бетінде әртүрлі
қалыңдықтағы қанды қабыршақ пайда болып,
аузды ашуды
қиындатады. Екінші реттегі инфекция қосарланса лас-сұр түс
қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: