ауыз қуысының кілегей қабатында орналасады. Аздап ісінген
және гиперемияланған негізде диаметрі 0,5-тен 1
см-ге дейін,
қақпағы керілген, серозды (сиректеу геморрагиялық) сұйықтығы
бар күлдіреуік пайда болады. Күлдіреуіктер бірнеше сағат, күндер
сақталады, одан әрі
фиброзды жабындымен жабылған,
эпителизацияға бейім эрозия пайда болады.
Диагностикасы:
Никольский белгісі – теріс мәнді. Асбо-
Хансен белгісі сирек оң мәнді; эрозияның шетіне қарай өсуі
байқалмайды. Акантоликалық
Тцанк жасушасы болмайды, бірақ
күлдіреуіктің құрамында көп және мөлшерде (80-90%-ға дейін)
эозинофилдер болуы мүмкін. Тіке иммунофлюоресценция
реакциясы LgA және комплементтің С3-фракцияның эпидермо-
дермальды аймақтағы қосылған жерде сызықтық тұнба құрайды.
Ажырату диагнозы
вульгарлы көпіршікпен, токсидермияның
буллезді түрімен және қызыл тегіс теміреткінің буллезді түрімен
жүргізеді.
Емі.
Кортикостероидтар
пероральды
–
преднизолон
тәуелдігіне 60-тан 100 мг-ге дейін, бөртпелер жойылып кеткенше,
қолдау емісіз жүргізеді. Тиімділігі байқалмаса – метотрексат,
азатиоприн және басқа иммунодепресанттар береді.
Сыртқы ем
вулгарлы көпіршектегідей болады.
Достарыңызбен бөлісу: