Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет219/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
113-сурет. Атопиялық дерматит
114-сурет. Атопиялық дерматит


қышыну байқалады, бұл аурудың басты симптомы болып 
есептеледі.
Невротикалық бұзылыстар патогенетикалық маңызға ие, олар 
атопиялық дерматиттің ағымын ауырлатады. Біріне бірі әсер 
ететін факторлар тізбегі байқалады: атопиялық дерматиттің ауыр 
ағымы, қытігез қышыну невротикалық бұзылыстарды қолдап, 
күшейтеді, ал соңғысы патологиялық процессті өршітеді. Анық 
невротикалық бұзылыстар (жоғары қозғыштық, эмоциональды 
лабильділік, қышынуға байланысты ұзақ теріс эмоциялар, 
ұйқының бұзылысы) ұзақ және ауыр қабыну процессіне 
байланысты төмендейтін және мықты салмақ жоғалтуға әкелетін 
(истощение) бүйрек үсті безі қыртысының функциясына 
байланысты. 
Сирек жағдайда аурудың клиникалық көрінісінде папулезді 
бөртпелер 
мен 
лихенификациямен 
инфильтрация 
емес, 
везикуляция мен серозды құдықшалар (колодцы) тәрізді сулану 
(ылғалдану), жедел қабынулы эритема (экссудативті атопиялық 
дерматит) тән. 
Диагностикасы.
Атопиялық дерматиттің диагностикасында
лихенизация ошағына қосылатын аздаған қабыну белгілері бар 
түйіндерді, ақ дермографизмді анықтау маңызды. Атопиялық 
дерматитте болатын лихенизация ошақтары, терісінің анық
құрғақтығы, 
бозғылттығы, 
лихенизация 
аймағында
гиперпигментациялар оны пруриго-дан ажыратады.
Емі.
Атопиялық дерматиттің барлық формаларында сақтану 
режимі, гипоаллергенді диета, созылмалы инфекция ошақтарын 
санациялау үлкен маңызға ие. Ішек дисбактериозінде бификол, 
бифидумбактерин, колибактерин, лактобактерин және т.б. 
пайдаланылады. 
Импетигинизация 
боған 
жағдайда 
антибиотикограмманы 
ескере 
отырып, 
антибактериальды 
препараттар да қолданады. 
Детоксикациялық терапияны, аллергендер мен бұзылған 
метаболизм өнімдерін элиминациялау үшін реополиглюкинді, 
энтеросорбенттерді 
қолданса, 
ересектерде 
өзінің 
қаның 
ультракүлгін сәулемен сәулелендіру мен гемосорбция әдісі 
қолданылады. Асқазан-ішектің функциясының бұзылысында, 


асқазан-ішек жолының дискинезиясында пепсидил, асқазан сөлін, 
фестал, панзинорм форте, дигестал, ораза сияқты препараттарды 
тағайындаған жөн. Өт жолдарының дискинезиясында миогенді 
спазмолитиктерді 
(но-шпа, 
папаверин, 
платифиллин) 
тағайындаған 
абзал. 
Атопиялық 
дерматитпен 
ауыратын 
науқастарда жиі кездесетін поливалентті сенсибилизация арнайы 
гипосенсибилизацияны қиындатып, оны керексіз етеді. Қышыну 
мен терісіндегі қабынуды азайтатын қышынуға қарсы және
антигистаминді препараттар қолданылады. Антигистаминді 
перпараттардың жаңа туындылары H1-рецепторларға ұқсас 
келеді, M-холинолитикалық және седативті әсер бермейді, 
аллергиялық қабынудың екі фазасына бірдей әсер (лоратадин, 
дезлоратадин, цетиризин, фексофенадин, эбастин) етеді. 
Әр антигистаминді препаратты 10-15 күннен ұзаққа 
тағайындауға болмайды, емді ұзаққа созуға тура келген жағдайда 
басқа препараттармен ауыстырған жөн. 
Аллергияға қарсы және қабынуға қарсы заттар – салицилаттар 
мен пирозолон туындылары (индометацин, ортофен, напросин) 
қолданылады. Кальций препараттары (кальций глюконаты, 
лактат, хлорид және т.б) жиі қышынуды күшейтеді, сол себепті 
оны аз мөлшерде қолданады. 
Гуморальды және клеткалық факторлардың дисбалансына 
және 
организмнің 
арнайы 
емес 
қорғаныс 
күшінің 
жетіспеушілігіне байланысты иммуностимулдеуші терапияның 
орны ерекше. Иммуноглобулиндердің жетіспеушілігінде (жиі 
IgA) IgG концентрациясының төмендеуінде гамма-глобулиндерді, 
қызылшаға қарсы, стафилококкқа қарсы препараттарды (егер 
созылмалы инфекция ошағы болып, одан патогенді стафилококк 
бөлінсе), тұмауға қарсы перпараттарды (балада жиі ЖРА болған 
жағдайда) қолданған дұрыс. Атопиялық дерматиттің ауыр 
түрімен 
ауыратын 
науқастарда, 
әсіресе 
пиодермияда, 
стафилококкқа қарсы плазманы құю қажет. Плазма трансфузиясы 
гипопротеинемияны азайтып, лейкоциттердің фагоцитарлық 
функциясы 
мен 
лизоцимнің 
активтілігін 
жоғарылатып, 
организмнің 
детоксикациясын 
тудырады. 
Т-клеткалық 
иммунитеттің төмендеуінде иммуномодуляторлармен (левамизол, 


тактивин, тималин, тимопоэтин) емдеу көрсетілеген. Клеткалық 
иммунитеттің 
арнай 
емес 
қуаттандырушысы 
ретінде 
метилурацилді, пентоксилді, натрий нуклеинатты қолданады. 
Иммунотропты препараттарды қолдану (миелопид, вилозен, 
рузам, лейкинферон, ликопид және т.б) иммунологиялық 
көрсеткіштердің оң динамикасымен жүретін жақсы емдік әсер 
етеді. 
В тобының витаминдеріне аллергиялық реакциялар жиілеген 
себебінен В
1
, В
6
және В
12
витаминдерін қолданбаған дұрыс. 
Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің функциялық
жағдайын қалпына келтіру үшін валериан препараттарын, пион 
мен сасық шөп (тау жалбызы – ) тұнбасын, ауыр жағдайда – 
триоксазин, 
оксазепам 
(тазепам), 
диазепам 
тәрізді
транквилизаторларды қолданады. Дерматоздың торпидті ағымды 
ауыр 
науқастарда 
бүйрек 
үсті 
безінің 
функциясының 
жетіспеушілігі айқын болады, бұл жағдайда детоксициялаушы
препаратармен қосып, глюкокортикоидтарды парентеральды 
енгізу қажет. Емдеу курсы қысқа және әрі қарай үйреніп 
кетушілікті болдырмау үшін мөлшерін азайтып отырады.
Ультрафиолетті сәулелер (негізінен УКТ), иммуносупрессивті 
әсер етіп клиникалық жақсаруға әкеледі. Физиотерапияның басқа 
да әдістерін қолданады: глюкокортикоидты препараттардың 
фонофорезі, магнитті- және лазеротерапия, массаж, парафин, 
озокерит апликациялары, емдік балаулар (ванналар). Жергілікті 
еміне кератопластикалық жақпамайлар және нафталан, ихтиол, 
қарамай, АСД сұйықтығы (И.П Дорогов антисептикумы, №3
фракциясы), күкірт, дерматол қосылған кремдер. Жақпамайлар 
мен кремдерге 5-10 % анестезинді, 1% ментолды, 1-3% фенолды 
қосқан дұрыс. Өкінішке орай, дәстүрлі қабынуға қарсы заттардың
жағымсыз иісі болады және киімді бояп, ластайды. Нафталан мен
қарамай тері құрғақтығын күшейтіп, күн сәулесіне сезімталдығын 
артырады, сондықтан оны 5-7 күнге дейін шектеген абзал. 
Импетигинизация жағдайында фукорцин мен басқа да анилин 
бояуының ерітінділерін, борлы-қарамай жақпасы, 5-10% 
линкомицинмен, 
гентамицинмен 
жақпамайлар, 
фузидин-
натрийдің 50% димексидтегі ерітіндісі қолданылады. Құрамында


глюкокортикоидтары бар (синафлан, флуцинар, элоком, адвантан, 
апулеин, фторокорт және т.б) жақпамайлар мен кремдерді 
жағымсыз әсерлерге байланысты әрі сапрофитирлеуші кокктік 
флораның белсену мүмкіндігіне байланысты қысқа уақытқа басқа 
кератопластикалық препараттармен қосып қолданады. Фторлы 
глюкокортикоидты препараттар ұзақ қолданған жағдайда терінің 
дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі. Құрамында фторы жоқ 
адвантанның (метилпреднизолон) мұндай кемшілігі жоқ. 
Құрамында антибиотиктері бар глюкокортикоидты гормонды
жақпамайлар мен кремдер: геокортон, гиоксизон, оксикорт, 
целестодерм, синалар Н. 6 айға дейінгі балаларда топикалық 
глюкокортикостероидтар 
мен 
фтор 
құрамды 
кортикостероидтарды қолданбаған абзал. 
Атопиялық дерматит пен аллергиялық дерматоздарда 
қолданылатын препараттар тізбегі кальциневриннің локальды 
ингибиторы 
– 
пимекролимуспен 
толықты. 
Препарат 
кальциневрин-фосфатазаның активтілігін ингибирлеу арқылы 
белсенген Т-лимфоциттер мен мес жасушалардан цитокиндердің 
бөлінуін тежейді. Глюкокортикоидтармен салыстырғанда бұл 
препарат 
фибробласттар 
мен 
кератиноциттердің 
пролиферациясына, коллаген синтезіне әсер етпейді, сондықтан 
пимекролимусты крем ретінде ұзақ уақыт пайдалау терінің 
атрофиясына әкелмейді. Пимекролимус жүйелі түрде әсер 
етпегендіктен оны ұзақ уақыт (1 жылға дейін) балаларда 3 айдан 
бастап қолдануға болады. 
Шектелген (жергіліктенген) нейродермитте 2% новокаин 
ерітіндісін, 0,15% метилен көгі ерітіндісі мен 2% бенкаин 
ерітіндісі немесе новокаиннің пролонгатор қоспасымен – 
желатинмен немесе поливинилпирролидонмен айналдырып егу
(Скрипкин Ю.К., 1979), сұйық азотпен, көмір қышқылының 
қарымен криомассаждар, димексидпен аппликациялар жасалады. 
Жедел қабынулы көріністер жоғалған кезден бастап, негізінен 
жаз айларында, санаторлы-курорттық ем қолданылады. Күкіртті, 
күкіртсутекті, йодбромды, радонды көздері (источниктер) бар 
курорттар ұсынылады (Пятигорск, Сочи, Мацеста, Белокуриха, 
Сергиевский суы және басқалар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет