Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет222/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Ажырату диагностикасын
лимфостазбен, қайталамалы 
тілмемен, 
Мелькерсон-Розенталь 
синдромымен 
жүргізеді, 
олардан Квинке ісігі жедел басталуымен, қысқа уақытқа пайда 
болатынымен және еш ізсіз жойылып кетумен ерекшеленеді. 
Балалар есекжемі клиникалық көрінісі, патогенезі, ағымы 
бойынша балалар қышымасына (строфулюске) ұқсас.
Созылмалы қайталамалы есекжемде бөрпелер көп болмайды, 
күлдіреуіктер аздау ісінген бірнеше жылдар бойына толқын 
тәрізді пайда болып отырады. Рецидивтер ұзақтығы әртүрлі 
ремиссиялармен кезектесіп отырады. Уртикарлы бөртпелерде бас 
ауруы, әлсіздік, субфебрильді қызу, асқазанда ынғайсыз сезім, 
 
 
 
 
115-сурет. Есекжем.
 
 
 
116-сурет. Жедел есекжем.


артралгиялар, невротикалық көріністер болады. Қанында 
эозинофилия мен тромбоцитопения анықталады. 
Тұрақты 
папулезді 
созылмалы 
есекжем 
созылмалы
қайталамалы негізінен лимфоциттерден тұратын дермадағы 
полиморфты жасушалық инфильтрациясының тін аралық ісінуіне 
қосылудан кейін пайда болады. Түйінді элементтер іркілісті-
эритематозды 
түсті, 
тығыз 
немесе 
тығызэластикалы 
консистенциялы, негізінен аяқ-қолдың жазғыш беттерінде 
орналасады. 
Ауру 
жиі 
әйелдерде 
кездеседі. 
Көптеген 
қаламгерлердің 
ойынша 
тұрақты 
папулезді 
есекжемді 
қышыманың (пруриго) бір түрі ретінде қарастыру қажет. 
Диагностикасы.
Есекжемнің диагностикасы біріншілік
морфологиялық элемент – күлдіреуікке негізделген. Диагнозды
ашық уртикарлы қызыл дермографизм дәлелдейді. Ажырату 
диагностикасын дәрілік токсидермиямен, строфулюспен, Квинке 
ісігімен жүргізеді. Есекжемді жәндіктердің шағуынан ажырату 
қиын (маса, бүрге және т.б.), себебі шаққан жерде уртикарлы 
бөртпелер пайда болады. Бөртпенің пайда болу кезеңін, оның 
орналасуын, тұрғылықты жерінің немесе балалар үйінің 
санитарлық жағдайын ескеру қажет. Дюрингтың герпестік 
дерматозында күлдіреуікпен қоса көпіршіктер мен көпіршікшелер 
болады, олардың құрамында көп мөлшерде эозинофильдер 
анықталады, сонымен қатар йод препараттарына жоғары 
сезімталдық байқалады. 
Емі.
Есекжемнің барлық клиникалық варианттарында ем 
тамақтану режимін реттеуден, мүмкін болатын аллергендік 
факторларды алып тастаудан басталады. Жедел есекжемде тамыр 
өткізгіштігін азайту және капиллярлар тонусын жоғарылату үшін 
кальциц 
хлориді, 
кальций 
глюконатын, 
антигистаминді 
препараттар (супрастин, тавегил, задитен, циметидин, бикарфен, 
фенкарол) және аскорутин тағайындайды. 10-15% магний 
сульфаты ерітіндісін 10-15 мл-ден тәулігіне 3-4 реттен тұрақты 
әсер алғанға дейін ішкізеді. Гистаминге қарсы препараттардың 
жаңа ұрпағы жақсы әсер береді: кестин, зиртек 10 мг-нан күніне 
1-2 реттен 10 күн бойы. 


Жергілікті ментол, анестезин, гидрокортизонмен шайқалатын 
жүзінділерді тағайындайды, кейін фторланған глюкокортикоидты 
жақпамайлар мен кремдерді, фенистил гелін қолданады. 
Жалпы жағдайының бұзылуы байқалатын Квинке ісігінде тері 
астына 0,5-1 мл 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін енгізеді. 
Процесске ауыз, мұрын, көмей кілегейі тұншығу көріністерімен 
қосылған жағдайда 10 мл 10% кальций хлоридін тамырішіне, 
кортикостероидты 
гормондар 
мен 
гистаминге 
қарсы 
препараттарды қолданады. Зәр жүргізіетін дәрілерді – 1% 
фуросемид ерітіндісі 2 мл тамырішілік немесе лазикс – 
тағайындау қажет болады.
Созылмалы есекжемде басты назарды диетаға, режимге, 
жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолының жағдайына, созылмалы 
инфекциялар ошақтарын анықтап, тазартуға аудару қажет. 
Детоксикация 
мақсатында 
гемосорбция 
немесе 
энтеросорбцияны қолданады. Гистаминге қарсы препараттармен 
қоса 10 мл 30% натрий тиосульфат ерітіндісін тамырішіне күн 
сайын немесе күн ара (10-15 құю) енгізу ұсынылады. Ауыр 
формаларында 
экстракорпоральды 
детоксикациямен 
қоса 
глюкокортикоидты гормондар (преднизолон 10-15 мг/тәулігіне 3-

күн 
бойына), 

мл-ден 
диспроспан 
қолданылады. 
Холинергиялық есекжемде красавка сығындысын (экстрактісін), 
беллоид, беллатаминал, атропин сульфаттын қолданған дұрыс.
Есекжемнің 
барлық 
формаларында 
витаминдер 
тағайындалады: 
аскорбин 
және 
никотин 
қышқылдары, 
рибофлавин, 
кальций 
пантотенат 
және 
пангамат, 
пиридоксальфосфат, цианокобаламин, дипромоний, токоферол 
ацетат. Іш қату мен дисбактериозда іш жүргізетін заттар, 
биологиялық препараттар (колибактерин, бифидумбактерин, 
лактобактерин, бификол, бактисубтил және т.б) тағайындалады. 
Жергілікті ем
аса маңызды емес. Ерітінділер, спирт пен сумен 
аралас шайқалатын қоспалар, сирек майлы шайқалатын қоспалар, 
жақпамайлар, 
линименттер, 
пармидинді, 
индометацинді, 
бутадионды мазьдар, линин, кортикостероидты гормондармен 
қосылған жақпамайлар мен кремдер, фенистил гелі тәрізді 
қышынуға, қабынуға қарсы заттар қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет