Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет220/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Профилактика.
Дұрыс диета организмге арнайы емес 
десенсибилизациялаушы және детоксикациялық әсер береді, оны 
науқастың қай тағамды көтере алатынына байланысты әр 
науқасқа жекелей таңдайды. Тағам рационында кептірілген, 
консервіленген тағамдарды, тәттілерді, ас тұзын, цитрустыларды, 
шоколадты, балды, жұмыртқаны, балмұздақты шектейді. 
Рецидивтің алдын алу үшін және ремиссияны ұзарту үшін 
қарапайым санитарлық-гигиеналық шараларды сақтап, жаз 
айларында ұзақ уақыт оңтүстікте демалу қажет. 
2.7.5.
 
Е
СЕКЖЕМ
 
Мономорфты 
уртикарлы 
қышитын 
бөртпелермен 
көрінетін дерматозды есекжем деп атайды. Жедел (сонымен 
қатар жедел шектелген Квинке ісігін жатқызады), созылмалы 
рецидивтеуші, тұрақты папулезді созылмалы және күн тәрізді 
(күн сияқты) есекжем деп ажыратады. 
Патогенезі.
Есекжемнің барлық клиникалық түрлеріне ортақ 
патологиялық тізбек болып ұсақ тамырлар өткізгіштігінің 
жоғарылауы мен осы тамырлардың айналасында ісіктің пайда 
болуы есептеледі.
Есекжемде күлдіреуіктік реакцияның негізінде гистамин 
әсерін әлеуеттендіретін (потенциялаушы) биологиялық активті 
заттардың жоғары концентрациясына байланысты (серотонин, 
ацетилхолин, брадикинин, интерлейкиндер, простогландиндер),
дереу-баяу әсерлі типті гиперсезімталдық жатыр. Демек, есекжем 
көпэтиологиялы уытты-аллергиялық дерматоз болып табылады. 
Сонымен қоса, жасушаішілік протеиназаның шамадан көп 
жиналуымен жүретін диспротеинемиядан болатын созылмалы 
есекжемнің аллериялық емес формалары белгілі. Бұл жағдайда 
гистаминге әсерге ұқсас, тамырлық реакцияны шақыратын, 
патологиялық антиген-антидене реакциясынан кейін агрессивті 
иммунды комплекстер пайда болатын, иммунды жүйенің
патологиялық жағдайында болатын аутоагрессивті процесстер 
орын алады. Есекжемде сарысулық иммуноглобулиндердің
құрамының IgE гиперпродукциясы мен IgA жетіспеушілігі 


өзгеруімен 
жүретіндіктен, 
есекжемнің 
дамуы 
әрқашан 
гистаминнің көп мөлшерде бөлінуімен байланысты болмайды.
Брадикинин, серотонин, және басқа да пептидтердің әсерінен 
болатын аурудың түрлерін гистаминге қарсы препараттармен 
емдеу еш нәтиже бермейді. Осы топқа тоңу кезінде бөлінетін 
криобулиндердің шамадан тыс бөлінуінен болатын суықтық 
есекжем 
жатады. 
Холинергиялық 
есекжем 
вегетативті 
дистонияның уртикарлы эффлоресценциялардың қалыптасуына 
әсерінің 
мысалы 
болып 
табылады. 
Бұл 
жағдайларда 
ацетилхолиннің бөлінуі күшейеді де гистаминге реакцияға ұқсас 
тамырлық реакцияны тудырады. Патогенетикалық жағынан 
қосымша аурулар да (созылмалы ошақты инфекциялар, ішекқұрт 
инвазиясы, отбасылық атопия, өт шығару жолдарының 
дискинезиясы, асқазан-ішек бұзылыстары, дәрілік аллергия) 
маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет