Терінің иммундық реакциясының пайда болуы мен дамуында
макрофагальді
жүйе
мен
беткей
тамырлық
өрімнің
посткапиллярлы венулаларының эндотелиальды клеткаларының
маңызы зор. Макрофагальді жүйе дерма мен тері асты шел май
қабатында
фибробласт,
фагоциттеуші
макрофагтар
(гистиоциттер),
дендриттік
клеткалар
түрінде
кездеседі.
Морфологиялық тұрғыдан екшеленген тіндік гистиоцит көп
мөлшерде микроталшықтардан тұратын клетка түрінде болады.
Гистиоциттердің цитоплазмасының құрамында РНК мен
ферментер болады. Барлық макрофагтар тәрізді гистиоциттердің
беткейінде де С3-ке және IgG-ң Fc фрагментіне рецепторлар
болады. Терінің макрофагальді жүйесінің құрамына мес
клеткалар да кіреді. Олар Т-лимфоцитінің миграциясына және
гиперсезімталдық типі бойынша антиген-антидене реакциясына
қатысады. Сондай-ақ терідегі иммундық қызметті атқарушылар
қатарында қанның теріге миграцияланатын клеткалары (моноцит,
эозинофиль, нейтрофилдер, базофилдер, эритроциттер) да бар.
Тіндік
макрофагтардың
түрлі
өзгеріске
ұшыраған
популяциясына жататын талшықты ақ эпидермоциттер да
иммундық қызмет атқарады. Бұл клеткалар да мес клеткалары,
фиброциттер, макрофагтар сияқты тек антигендермен не
цитокиндермен әсерлескенде ғана биологиялық белсенді зат бөліп
шығарып, физиологиялық белсенділік көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: