Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет25/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Секреторлық 
қызметі.
 
Терінің 
бұл 
қызметі 
кератиноциттердің секреторлық қасиетімен, иммунореттеуші 
клеткалардың және тер мен май бездерінің функциональдық 
қасиетімен байланыстырылады.
Эпидермистің 
негізгі 
белогы 
кератиннің 
түзілуі 
кератиноциттермен жүзеге асырылатын күрделі секреторлы 
процесс. Бастапқы кезеңі базальді қабаттың клеткаларында өтеді. 
Мұнда кератин фибриллдері тонофиламенттер түрінде пайда 
болады. Тікенекті қабаттың клеткаларында тонофиламент белогы 
прекератин актомиозинге айналады. 
Түйіршікті қабатта арнамалы құрылымдар орын алады. Бұл 
жерде талшық түзетін кератогиалинді гранулалар түзіледі. 
Талшықтар элейдинге, сосын мүйізді қабаттың негізін құрайтын 
кератин жібіне айналады.
Физиологиялық жағдайда эпидермис клеткаларының өсуі мен 
көбеюі күрделі өзара қарама қайшы клеткадан тыс және 
клеткаішілік 
факторларға 
байланысты. 
Клеткаішілік 
медиаторларға тізбекті нуклеотид, простогландиндер, кейлондар, 
лейкотриендер, интерлейкиндер және цАМФ пен цГМФ ара 
қатынасы мен фосфодиэстеразаның белсенділігіне әсер ететін 
кальций иондары жатады. Клеткаішілік митозды реттеуге өсудің 
эпидермальды факторы әсер етеді. Бұл полипептид эпителиальды 
тінге гиперпластикалық түрде әсер етеді. Оның белсенділігі 
гипофизді бүйрекүсті бездік жүйенің қызметіне байланысты. 


Осылайша, 
жоғарыда 
келтірілген 
барлық 
күрделі 
физиологиялық 
жүйенің 
жағдайы 
өсудің 
эпидермальді 
факторының белсенділігін және оның эпидермоциттермен 
кератинді түзуіне әсер етуін қалыптастырып отырады. Терінің 
секреторлық қызметін атқаруда тер мен май бездерінің маңызы 
жоғары. 
Май бездері терінің май қабатын құрайды. Ол май қышқылы, 
холестерин эфирлері, алифатты алкогольден, аздаған көмірсу, бос 
холестерин, глицерин және аз мөлшерде азоттық және фосфаттық 
қосылыстардан тұрады. Май бездерінде секрет сұйық не 
жартылай сұйық күйде болады. Терінің беткейіне шығып және 
термен араласып, су липидтік мантия құрайды. Ол теріні 
қорғайды, сонымен қатар бактериоцидтік және фунгистатикалық 
белсенділікке ие. Терінің май қабатының стерилиздеуші қасиеті 
құрамындағы бос май қышқылдарына байланысты деген 
тұжырым бар. Секреторлық қасиетпен қатар экскреторлық 
қызмет те атқарады. Май қабаты арқылы ішекте түзілген уытты 
заттар, орта молекулалы пептидтер, сондай-ақ емдік заттар – йод, 
бром, антипирин, салицил қышқылы, эфедрин, т.б. сыртқа 
шығарылады. 
Түзілетін май қабатының мөлшері әркімде әрқалай және 
терінің түрлі аймағында біркелкі таралмайды. Май қабаты бас 
терісінің шашты бөлігінде, маңдай, ұрт, мұрын, кеуденің орта 
аймағында, жауырынаралығында, арқанің жоғарғы бөлігінде және 
шапаралықта ең көп таралған. Сілекей бездерінің қызметін 
эндокриндік және жүйке жүйесі реттеп отырады. Тестостерон 
және осы тәрізді субстанциялар стимуляциялық, ал эстрогендер 
май безі бөлінуін тежеуіш әсер етеді.
Экзокринді тер бездері бөліп шығаратын тердің реакциясы 
қышқыл болады. Оның құрамы судан және аз мөлшерде ерітілген 
неорганикалық (сульфаттар, фосфаттар, натрий хлориді, калий 
хлориді) және органикалық (мочевина, несеп қышқылы, аммиак, 
амин қышқылы, креатинин) заттардан тұрады. 
Тердің химиялық құрамы тұрақты емес. Бұл ішілген сұйықтық 
мөлшеріне, эмоциональды жүктемелерге, қозғалысқа, ағзаның 
жалпы жағдайына, қоршаған ортаның температурасына, сондай 


ақ тер бездерінің топографиясына байланысты. Темірдің мөлшері 
маңдайдан бөлінетін тердің құрамында аяқ қолдың терісінен 
бөлінетін терге қарағанда 6 есе көп. Тердің құрамындағы 
хлоридтер 
тер 
бөліну 
жылдамдығына, 
метаболизм 
интенсивтілігіне, дене қызуына, адамның жасына байланысты. 
Тер арқылы ағзадан дәрілік заттар да (йод, хинин, антибиотик) 
сыртқа бөлініп шығарылады. Орта есеппен күніне 750-1000 мл-ге 
дейін, жоғарғы температурада тіпті бірнеше литр тер бөлінеді. 
Тер бездерінің қызметін орталық және вегетативті жүйке жүйесі 
реттеп отырады. Бұл бездердің қызметін белсендіруші ол сыртқы 
ортаның температурасының жоғарылуы. 
Тері экскреторлы қызметімен қатар секреторлық қызметті де 
атқарады. Органикалық және неорганикалық заттар, минералдық 
зат алмасу прцессі өнімдерімен қатар тер және май бездері 
көмегімен организмнен көмірсу, дәрумен, гормон, фермент, 
микроэлементтер және көп мөлшерде су шығарылады. Тер 
үзіліссіз әрдайым бөлініп отырады. Тердің көзге көрінетін 
perspiration 
insensibilis
және 
профузды, 
яғни 
жоғары 
жылуреттелуінде бөлінетін деген түрлері бар. 
Апокринді бездердің қызметі жыныс бездерімен байланысты. 
Олардың қызметі пубертатты кезеңде басталып, климакстық 
кезеңде аяқталады. Апокринді бездердің қызметіне де тер мен 
май бездерінікі сияқты эмоциональды, эндокринді дисфункция, 
стресстік жағдайлар және жылулық режимнің бұзылуы әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет