Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет21/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Тер бездері
2 түрде кездеседі. Жай тер бездері немесе 
мерокринді (эккринді) және апокринді деп бөлінеді. 
Эккринді тер бездерінің
(glandulae sudoripare)
құрылымы 
түтікті, секреция түрі мерокринді. Олар клеткалардың осмос және 
диффузия үрдістері қатысуымен өтетін секреторлық қабілетіне 
байланысты бөлініс түзеді. Гистохимиялық зерттеуде тер 
бездерінің құрамынан РНК, қышқыл фосфатаза, карбоксилаза, 
эстераза, энергетикалық алмасу ферменттері белсенділігі 
табылған. 


Тер бездерінің түйіншек түріндегі дистальды бөлігі әдетте 
дерма мен тері асты шел май шекарасында орналасады. Ұзын 
шығару өзегі тігінен тері беткейіне бағыт алып, штопор тәрізді 
майысқан тесік болып бітеді. Тер бездері, әсіресе алақан, табан, 
бетте көп кездеседі. Тер бездері ер жыныс мүшесінің басында, 
сыртқы жыныс еріндерінде болмайды.
Апокринді тер бездерінің
(glandulae apocrinicae) 
мерокринді 
тер бездерінен айырмашылығы бөліністі клетка заты көмегімен 
бөледі. Сондықтан, клеткалардың бір бөлшегі әлі де сылыну 
сатысында болады. Сондай-ақ апокринді бездер құрылымы 
түтікті болады, бірақ өлшемі әлдеқайда ірі, тереңірек және өзіне 
тән орналасу орны болады. Олар гениталий, артқы тесік терісінің 
шаш қапшықтарында, сүт бездері ареолалары мен қолтық астында 
орналасады. Бұл бездердің шығару өзектері май-шаш қапшығына 
ашылады. Апокринді бездердің толық жетілуі бала өмірінің 1-ші 
жылында аяқталады, алайда функциялық белсенділігі тек 
жыныстық жетілу кезеңіне сәйкес келеді. Апокринді тер 
бездерінің қызметі циклды түрде жүреді, жыныс бездерінің 
секрециясы фазасымен сәйкес. Осы негізде апокринді бездерді 
екіншілік жыныс белгілеріне жатқызады. 
Май бездері
(glandulae sebacea) 
секреторлы клеткалардың 
май метаплазиясымен жүретін және секрецияның галокринді түрі 
тән күрделі альвеолярлы түзіліс. Клеткалардың ажыратылуы 
орталығынан басталып, прогрессивті түрде май везикулдарының 
жинақталуымен сипатталады. Бұл жасуша мен ядросының 
дезинтеграциясына, клетка қабығы жыртылып, бөліністің май 
өзегі арқылы бөлінуін туғызады. Май безінің жалпы өзегінің 
қабырғасы құрылымы бойынша эпидермиспен бірдей, ал өзек 
бұтақтануында мүйізді және түйіршікті қабаты болмайды. Май 
бездері шаш қапшықтарын қоршай орналасады. Ереже бойынша, 
әрбір қапшық жанында 6-8 май бездері болады, сол себепті 
шашты жабынның барлық аймағы майлы жақпамен жабылған. 
Бірақ кейбір май бездері жеке орналасып, тері бетіне тура шығару 
өзегін ашады. Шаш қапшықтарына байланыссыз бет терісі, ер 
жыныс мүшесінің басы, кіші жыныс еріндері май бездеріне бай. 
Май бездері алақан, табан, терісінде болмайды. Май бездерінің 


туындысы ұрықтық дамудың 2-3-аптасында, тер бездерінен 
бұрынырақ түзіледі. Май бездері бала тумай жатып-ақ қарқынды 
түрде қызмет атқарады, сондықтан жаңа туған нәресте терісінде 
ірімшік тәрізді жағындымен 
(vernix caseosa)
туылады. Балаларда 
май бездерінің өлшемі ірі болады, олар бет, арқа, бастың шашты 
бөлігі және аногенитальды аймақта көп кездеседі. Тер және май 
бездерінің бөлінісі терінің биохимиялық, иммунды және 
физиологиялық қызметтерінде маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет