Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Еріндердің қызыл жиегінің ракалды ауруларының жіктелісі



Pdf көрінісі
бет234/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Еріндердің қызыл жиегінің ракалды ауруларының жіктелісі
А – облигатты түрлері: 1) сүйелді ракалды; 2) шектелген 
гиперкератоз; 3) абразивті преканкрозды Манганотти хейлиті. 
Б – факультативті түрлері: 1) лейкоплакия; 2) кератоакантома; 
3) терілік мүйіз; 4) мүйізделген папиллома; 5) эрозивті- 
жаралы және қызыл жегінің және қызыл тегіс теміреткінің 
гиперкератозды түрі;
Ауыз қуысының кілегей қабатының обыралды ауруларының 
жіктелісі
А – облигатты түрі: Боэн ауруы; 
Б – факультативті түрлері: 1) Лейкоплакия (веррукозды және 
эрозивті); 2) папилломатоз; 3) эрозивті-жаралы және қызыл 
жегінің және қызыл тегіс теміреткінің гиперкератозды түрі;
4) сәуледен кейінгі стоматит. 
Обыралды аурулар ұзаққа, бірнеше айдан оншақты жылға 
дейін созылады, содан кейін ракқа ауысады (бірақ бұл міндетті 
емес).
Ракалды аурулар ауыз қуысының кілегей эпителияларында
қасындағы тіндерге инвазиясыз, гиперкератоз және дискератоз 
түрінде, кератинизация процессінің бұзылуымен сипатталады.
Б
ОУЭН АУРУЫ 
 
Боуэн ауруының тегісжасушалы ракқа ауысуы 80% артық 
жағдайда байқалады. Аурудың ішікі мүшелердің залалды ісік 
ауруларымен қосарлануы мүмкін. Боуэн ауруы егде жастағы 
адамдарда жиі кездеседі. Патологиялық процесс жиі денеде
қолдарда, аногенитальды аймақта орналасады және негізінен бір-
бірлеп баяу дамитын сиректеу көп дөңгелек немесе дұрыс емес 


пішінді болып келетін, серозды-қанды қабықпен жабылған, тегіс 
зақымдану ошақтарының болуымен сипатталады.
Зақымдану ошақтарының шетке қарай біркелкі өспеуі
эрозиялы, 
беткі 
атрофиялы 
аймақтардың, 
гиперкератоз 
ошақтарының және шеткі жоғары тұратын аймақтардың болып, 
ала-құлалық ерекше сипаты болып келеді.
Кілегей қабатындағы клиникалық көрінісітеріне мөлшері баяу 
өсетін, шектелген, тоқыраулы-қызыл түсті, диаметері 1 см-ге 
дейін, жиі жұмсақ таңдайда, тілшеде, тілде байқалатын дақты-
түйінді құрылымның болуы тән болып келеді. Зақымдану 
ошағының беті кей жерлерде эрозияланған немесе ұсақ емізікшелі 
өскініділер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет