Диагноз
қойғанда
клиникалық
көріністерін
және
гистологиялық зерттеулердің нәтижесін ескереді.
Емі.
Хирургиялық жолмен сау тіннің шекарасынан қиып
алып тастау.
Ш
ЕКТЕЛГЕН РАКАЛДЫ ГИПЕРКЕРАТОЗ
Жиі 30 жастан асқан ер адамдар ауырады. Әдетте, төменгі
еріндердің қызыл жиегінде, ортасынан аздап асимметриялы
орналасады.
Клиникалық көрінісі.
Мөлшері 0,3х0,5-тен 1,5-2 см-ге дейін,
түрі – полигональды шектелген аймақ пайда болады. Егер
ошақтың беті тығыз отырған қабыршақтар жиынтығымен
жабылған болса, ол еріндердің қызыл жиегі кілегейінен шығып
тұрады. Қабыршақтар сұр-ақшыл түсті. Олар болмаса ошақ аздап
ойық болады. Мүйізденудің, қабыршақтардың пайда болуының
артуы және тығыздалуы заладануының негізігі белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: