Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет241/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Алдын алу.
Ауыз қуысын санациялау, тиімді протездеу, 
асқазан-ішек патологиясын емдеу, темекі тартудан бас тарту. 

2.10. ХЕЙЛИТТЕР (CHEILITIS) 
 
Хейлиттер – қабыршақтану, жарылу, үлкен және кіші 
ісінумен көрінетін қызыл жиктің ісіңуі. 


Еріннің қызыл сызығы құрамында сілекей безі мен тері 
қосымшалары жоқ жартылай кілегей қабат болып келеді. 
Субъективті жағынан хейлиттер қышыну, шаншу, еріннің керілу 
сезімімен білінеді. 
Этиологиясы.
Ерін патологиялық процесске қызыл жегіде 
қызыл тегіс теміреткіде, псориазда, атопиялық дерматитте, 
туберкулезде, сифилисте қосылуы мүмкін. Егер бұл кезде теріде 
дерматоздың басқа да белгілері табылса, онда диагнозды қою 
оңай. Дегенмен, еріннің зақымдалуы кейде жалғыз-ақ белгі болуы 
мүмкін, бұл жағдайда дәрігер оны анықтап, емдей білуі тиіс. 
Этиологиялық 
себептеріне 
сәйкес 
артифициальды, 
инфекциялық 
және
 аллергиялық хейлиттер
деп бөледі. 
Хейлиттің себебі болып механикалық, химиялық, физикалық, 
инфекциялық факторлар, ішкі мүшелер функциясының бұзылуы 
табылады. 
Хейлиттердің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Шартты 
түрде оларды 
біріншілік
хейлиттер (жеке немесе өзіндік 
хейлиттер) – метеорологиялық, актиникалық, эксфолиативті, 
гландулярлы – және 
екіншілік
, олар белгілі бір аурудың көрінісі 
ретінде немесе басқа да ішкі себепке байланысты дамиды. Олар 
атопиялық (атопиялық дерматиті бар науқастағы хейлит), 
экзематозды (экземамен қосарлана отырып), аллергиялық 
(қатынасты), медикаментозды хейлит, инфекциялық хейлит, 
макрохейлит (Россолимо-Мелькерсон-Розенталь синдромы). 
Аталған 
формалардан 
бөлек 
кейбір авторлар 
жеке 
нозологиялық форма ретінде микотикалық, беткей ірінді 
гландулярлы, терең ірінді (апостематозды), гиповитаминозды 
хейлит, эндокрин жүйесінің ауруларындағы хейлит және т.б. деп 
бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет