126-суреттер)
. Көбіне лейкоплакия ұрттың кілегей қабатында,
ауыз бұрышында, төменгі ерінде, сирек тілінде (артқы бөлігінде
немесе бүйірінде), альвеолярлы өсіндіде, ауыз түбінде
орналасады.
Жалпақ, веррукозды, эрозивті
формалары
мен
Таппейнер лейкоплакиясын ажыратады.
Лейкоплакияның пайда болуы мен қатерліге айналу жолын
бірнеше сатыға бөлуге болады. Процесс көбіне лейкоплакия алды
сатысынан басталады – кілегей қабатының органикалық бөлігінің
аздаған қабынуы. Одан кейін оның біркелкі мүйізгектенуі болады,
зақымдалған аймақ қалыпты кілегей бөлігінен көтеріліп тұрады
(веррукозды лейкоплакия). Бұл кезеңде гиперпластикалық
өзгерістердің орнына метапластикалық өзгерістер келеді, бұл
өзгерістер жиі қатерлі процесске, әсіресе тілде орналасса, әкеледі.
Лейкоплакияның қатерліге ауысуы әр формасында әр түрлі,
себебі қатерлі процесске көбіне лейкоплакияның веррукозды
және эрозивті формалары бейім келеді.
Клиникалық
белгілері.
Қатерліге
жақын
эрозивті
лейкоплакияда: эрозия негізінде тығызданулардың пайда болуы,
жарақаттанғанда эрозияның қансырауы, зрозия бетіне емшектік
түзілістердің көбейіп, мөлшерінің ұлғаюы. Веррукозды және
эрозивті лейкоплакия ошақтарын бастапқы кезенінде алып тастау
және гистологиялық зерттеуге алу қатерлі процесстің алдын алу
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: