Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет252/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

герпетикалық ауру
)
ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. 


Этиологиясы және патогенезі
.
Герпес вирусына 4 
морфологиялық ұқсас вирустарды жатқызады: ЖГВ, вирус 
varicella 
zoster 
– 
желшешек және белдеме теміреткі 
қоздырғыштары, Эпштейн-Барр және цитомегаловирус 
вирустары.
 
ЖГВ-ң екі серотипі бар. Серологиялық зерттеулер 
мәліметтері бойынша ЖПГ-1-мен қатынаста болғаннан кейін 18 
айдан барлық адамда басталады. Вирус организмге енгеннен 
кейін ереже бойынша тыныс жолдары арқылы үштік нервтің 
ганглиясына еніп, белгілі бір уақыттарға дейін жасырын формада
сақталып, кейде өмірінің соңына дейін еш клиникалық көрініс
бермей өтуі мүмкін. ЖГВ-мен алғашқы қатынас әдетте, 
жыныстық жетілуден кейін жыныстық белсенділік пайда 
болғаннан басталады. Біріншілік көріністен кейін ЖГВ-1 сияқты 
белсенді формасына еніп, сакральді ганглияларда орналасады, 
белгісіз уакыттарға дейін латентті формада сақталуы мүмкін. Екі 
жағдайда да, кейде қарама-қарсы жағдайларда да (салқындау, 
ыстықтау, салқын тию, күйзелістік жағдайлар, ЖИТС 
тасымалдаушылары) екі вирус түрлеріде белсенділігіне еніп,
инфекция рецидивінің себебі болуы мүмкін. 
ЖГВ-1 әдетте, керато-конъюнктивит, ауыз айналасы мен 
ерінде, ал ЖГВ-2 – гениталий айналасында бөртпелердің пайда 
болуымен білінеді. Сексуалдық қарым-қатынастың өзгерген
түрлерінде керісінше ЖГВ-1 гениталийде, ал ЖГВ-2 ауыз 
айналасы мен ерінде орналасуы мүмкін. Ерекше маңызды орын
алатыны ЖГВ вирусы, әсіресе 
ЖГВ-2-нің, онкогендік қасиеті
бар. Ауру кез-келген жаста 
кездесуі мүмкін. Жай герпестің 
көптеген клиникалық формасы 
анықталады, орналасуы әр түрлі, 
зақымдану 
ауырлығына, 
рецидивіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет