Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет255/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
130-сурет. Лабиальды герпес
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
131-сурет. Герпетикалық стоматит 
(ЖГВ-1)


Қарапайым герпестің тағы бір түрі: 
рецедивті герпес.
Рецедивтер әр түрлі жиілікте, әртүрлі уақытта пайда байқалады. 
Кейбір науқастарда рецидив айына 3-4 рет болады және ауру 
перманентіге айналады. Қайталанбалы ұшықтың клиникалық 
көрінісі жай ұшық клиникасынан ерекшеленбейді. Қайталанбалы 
ұшықтың патогенезінде клетка иммунитеттің төмендетуші, ысып 
кету немесе салқын әсер, басынан өткізген инфекциялық 
аурулары, әсіресе салқын тию, лейкоз, қатерлі ісік маңызды рөль 
атқарады. Әйел адамдарда қайталанбалы герпес көбінесе 
менструальды циклмен байланысты дамиды. 
Диагностикасы
клиникалық көрінісі мен орналасуы типті 
түрде болса анықтау қиындық тудырмайды.
Жыныс мүшелерінде пайда болған қарапайым ұшық қатты 
шанкрға ұқсас болып тұрады, бірақта қатты шанкрдан 
айырмашылығы эрозия полициклды үрдісті болып келеді, 
бөртпелер бір-біріне қосылып тұратын ұсақ эрозиялардан тұрады, 
қатты шанкрға қарағанда инфильтратсыз қабынған негізде 
орналасады. Сифилистен айырмашылығы ұшық жедел басталады, 
көбіне қайталап білінеді. 
Ауыздың кілегей қабатына шығатын герпетикалық стоматит 
тәрізді ұшықты көпформалы экссудатты эритемалы ұшықтан 
айырмашылығы көбіне көктем және күз мезгілінде қайталануы, 
ауыз кілегей қабатында жедел гиперемияланған және ісінген ірі 
тез жарылатын күлдіреуіктер байқалады. Жарылған күлдіреуіктер 
астында 
жиексіз 
эрозиялар 
қалады. 
Сілекей 
өндірілуі 
жоғарылайды және тамақ ішуі, олар эпителизацияға қабілетсіз, 
Никольский симптомы оң мәнді, эрозия бетіндегі қабық өзгеріске 
ұшырайды. 
Қарапайым ұшықты анықтауда цитологиялық әдісті қолдануға 
болады. Қырындыны зерттеуді күлдіреуік пайда болғаннан 2–3 
күннен кейін жүргізеді. Романовский-Гимзе бояуымен бояғанда 
3–4 немесе оданда көп ядролы базофильдік цитоплазмалы алып 
клеткалар анықталады. Ядролары жақын, бір-біріне қабаттаса 
орналасады. Дұрыс болмаған жағдайда ядролардың контуры 
дұрыс көрінбейді. ЖГВ ДНҚ-сын анықтауда ПТР сезімталдау 


келеді. ПТР ЖГВ-1 және ЖГВ-2 үшін праймерлер жиынтығы бар, 
бірақ бұл қымбат әдіске қажетті құрылғылары болуы тиіс.
Емі:
Сыртқы ем ретінде анилин бояуларының спиртті 
ерітінділері, ішінде вирусқа қарсы препараттар бар, соның ішінде 
фукорцин, жақпамайлар (оксалинді 3%, тербофенді 3–5%, 
зовиракс, ацикловир) қолданылады. Жақсы терапиялық нәтиже 
емді ертерек (алғашқы4-5 сағатта) қолдана бастағанда байқалады. 
Лейкоцитарлық интерферон ерітіндісін зақымдалған ошаққа 
күніне 6-7 рет қолданады. Қайталамалы ұшық емі қиынға 
соқтырады. Қайталауларды тоқтату үшін клеткалық иммунитетті 
жоғарылату керек. Герпетикалық поливалентті вакцинаны иыққа 
тері ішіне 0,1 мл-де арасына 2-3 күн салып, 10 күндік курс 
жүргізіледі. Шамалылау нәтижелі ем ретінде дистилляцияланған 
су немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде
дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) 10-25 мг ұнтағын ерітіп енгізу 
қолданылады. Инъекцияны күнара жасайды, емдеу курсы 6-10 
күн. Ұшықта ацикловирдың (зовиракс, виролекс) жоғары 
терапиялық әсері бар, оны қайталамалы ұшықта 200 мг-нан 
тәулігіне 5 рет ішеді, ұзақтығы 5 күн. Онымен бірмезгілде 5%-
дық зовиракс майын зақымдалған аймаққа күніне 6 рет жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет