Емі.
АИВ-инфекциялар күрделі мәселе болып табылады және
оның емі тек арнайы мекемелерде жүргізіледі. Антиретровирусты
препараттардың комбинациясы жекелеп таңдалады, мұнда
науқастың жалпы жағдайын, хелпер-лимфоциттердің санын
(CD4+), қосалқы ауруларды және т.б. ескереді. Вирусқа қарсы
қосарланған емді бір емес, үш немесе одан да көп препараттармен
жүргізеді (тимазид, хивид, видекс, вирасепт және т.б.), вирустың
төзімділігіне байланысты оларды әр түрлі комбинацияда береді.
Қазіргі фармакологиялық препараттардың әсері АИВ-ның кейбір
ферменттерін
ингибициясына
негізделген
(транскриптаза,
протеазалар және т.б.), бұл олардың көбеюін тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: