Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет275/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
139-сурет. Сифилитикалық шанкр


науқастар да көбейді. Мәселен, ауыз қуысындағы шанкрымен 
ауыратын 
әйелдер 
саны 
анағұрлым 
көп. 
Еркектерде 
экстрагенитальді шанкрлар анус аймағында орналасады. Кей 
жағдайда біріншілік мерезде біріншілік сифиломаның негізінде 
тығыздалу болмайды (Ю.К. Скрипкин мәліметтері бойынша 5% 
жағдайда).
Сирек жағдайда біріншілік сифиломаның атипті түрлеріне 
жататын шанкр-амигдалит, шанкр-панариций мен индуративті 
ісіну кездеседі. 
Қол саусақтарында қатты шанкр қалыпты клиникалық 
формасында да, атипті түрінде де кездесуі мүмкін (шанкр-
панариций). Шанкрдың мұндай орналасуы жиі медицина 
қызметкерлерінде 
болады 
(лаборанттар, 
гинекологтар, 
стоматологтар және т.б.). 
Шанкр-панариций
клиникалық 
көрінісі 
бойынша 
стрептококкты этиологиялы банальді панарицийді еске түсіреді 
(шеткі фалангінің дөңгеленіп ісінуі, ауырсыну сезімі). 
Диагностиканы тығыз инфильтрат, жедел қабынулы эритеманың 
болмауы мен маңыздысы регионарлы лимфадениттің (шынтақ 
лимфа түйіндерінің аймағында) болуы анағұрлым жеңілдетеді. 
Индуративті ісіну
біріншілік сифилистің көрінісі ретінде 
үлкен жыныс еріндерінде, ұма немесе еркек жыныс мүшесі 
аймағында, яғни лимфа тамырлары көп жерде орналасады. Бұл 
аймақтардың ісінуі байқалады. Тіндер тығыздалған, басқанда 
ойық жер түзелмейді. Индуративті ісіну түріндегі атипті қатты 
шанкрдың диагностикасына регионарлы лимфаденит, анамнез, 
жыныстық партнерді зерттеу мәліметтері мен трепонемаға қан 
серологиялық анализінің оң болуы (біріншілік кезеңнің екінші 
бөлігінде) көмектеседі.
Кейбір 
науқастарда 
біріншілік 
сифилома 
екіншілік 
бактериальді инфекциямен асқынады. Мұндай жағдайда асқынған 
қатты шанкрлар туралы айтады. 
Шанкр-амигдалит
бір бадамша безінің ұлғаюы және 
тығыздалуымен білінеді, бұл жағдайда бадамша безінде эрозия 
мен жаралар болмауы тиіс (егер бадамша безінде мерездің 


біріншілік кезеңінің эрозиясы мен жарасы болса, онда бадамша 
безінде орналасқан біріншілік сифилома туралы айтады). 
Бадамша безіндегі қатты шанкр жаралы, баспатәрізді формалы 
(шанкр-амигдалит) немесе комбинирленген – баспа тәріздінің 
фонында жаралы болуы мүмкін. Жаралы түрінде бадамша безінің 
ұлғайған, тығыз, онда шеті тегіс етті-қызыл түсті сопақша жара 
орналасады. Жараның айналасындағы кілегей қабаты қызарған. 
Баспатәрізді шанкрде
эрозия мен жаралар болмайды, мұнда 
тек бадамша безінің бір жақты ұлғаюы байқалады. Ол мыс 
тәріздес – қызыл түсті, ауырсынусыз, тығыз болады. Процесс 
баспаның біржақтылығымен, ауырсынудың болмауы мен жедел 
қабынулы гиперемиямен ерекшеленеді. Жалпы жағдайының 
өзгерісі болмайды, дене қызуы қалыпты. Бадамша безінің 
аймағында айқын қабынулық реакция жоқ, шанкрдың шекарасы 
айқын, қызба мен жұтынғандағы ауырсыну жоқ. Бадамша безіне 
шпательді тигізгенде оның серпінді екені байқалады. Мұндай 
жағдайда бадамша безінің бетінен (платин тозақпен жеңіл 
сипағанда) бозғылт трепонемалардың үлкен көлемі анықталады. 
Диагностикаға 
төменгі 
жақтың 
бұрышындағы 
мойында
орналасқан регионарлы лимфаденит (көлемі 1 ден 2-3 см дейінгі 
лимфа 
түйіндері, 
қозғалмалы, 
тығыз-эластикалық 
консистенциялы, қоршаған тіндермен қосылмаған, ауырсынусыз) 
пен оң серологиялық реакциялардың алынуы көмектеседі. 
Қатты шанкрдың асқынуына баланит, балапостит, фимоз, 
парафимоз, гангренизация мен фагеденизмді жатқызады. Баланит 
пен баланопостит қатты шанкрдың жиі кездесетін асқынуларына 
жатады. Олар бактериальді немесе трихомонадалы инфекцияның 
қосылуынан дамиды. Мұндай жағдайда шанкр айналасында ісіну, 
айқын эритема, эпителий мацерациясы пайда болады, ал 
шанкрдың беткейіндегі бөлініс серозды-іріндіге айналады. 
Соңғысы бозғылт трепонеманы табуды, демек диагностиканы 
қиындатады. Қабынулы көріністі алып тастау үшін натрий 
хлоридінің изотониялық ерітіндісімен (1-2 күн) дымқыл дәке 
басады және бұл әдіс көбіне қайта зерттеген кезде дұрыс 
диагнозды табуға көмектеседі. 


Баланопостит еркек жыныс 
мүшесінің 
тарылуына 
әкелуі 
мүмкін, сондықтан оның басын 
ашуға мүмкіншілік болмайды. Бұл 
жағдайды фимоз деп атайды 
(140-
сурет)
. Фимозда еркек жыныс 
мүшесінің ісінуінен, ол ісінген, 
қызарған, ауырсынулы болады. 
Тәждік жүлге немесе пенистің 
ішкі жапырақшасында орналасқан 
қатты шанкр, бөліністі бозғылт 
трепонемаға зерттеуге мүмкіндік 
бермейді. Фимозда жыныс мүшесінің басын зорлап ашу басқа 
парафимоз (қылғынып қалу) деп аталатын асқынуға әкеледі, бұл 
кезде ісінген және инфильтрацияланған препуциальді сақина 
жыныс мүшесінің басын қысып қалады. Қан мен лимфа 
тамырларын осылай механикалық бұзу ісінуді ұлғайтады. Егер 
уақытында шара қолданылмаса жыныс мүшесінің басы немесе 
бүкіл жыныс мүшесі тіндерінің өлу процессі болады. 
Парафимоздың бастапқы кедерінде жыныс мүшесінің ісінген 
бөлігінен серозды сұйықтықты шығару қажет (бұл үшін 
жіңішкерген теріні бірнеше рет стерильді инемен теседі) және 
басын «орнына салуға» тырысу керек. Әсері болмаса жыныс 
мүшесінің басын тіледі. 
Қатты шанкрдың өте ауыр және анағұрлым сирек асқынуына 
гангренизация мен фагеденизм жатады. Ол әлсіреген науқастар 
мен маскүнемдерде фузоспириллезді инфекцияның қосарлануы
нәтижесінде дамиды. Шанкрдың бетінде лас-қара немесе қара 
қабыршақ дамиды (гангренизация), ол біріншілік сифиломаның 
шекарасынан асып жайылады (фагеденизм). Қабыршақтың
астында жайылған жара болады, ал процесстің өзі дене қызуының 
көтерілуі, қалтырау, бас ауыруы және басқа да жалпы 
көріністермен өтеді. Гангренозды жара жазылғаннан соң дөрекі 
тыртық қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет