Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Мерездің жұғу жолы мен жағдайлары



Pdf көрінісі
бет270/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Мерездің жұғу жолы мен жағдайлары 
Бозғылт трепонема адам ағзасына зақымдалған тері мен 
кілегей арқылы енеді. Кіру қақпасы тым кішкентай болғандықтан, 
жиі елеусіз қалады. Мерезбен ауыратын науқас айналадағыларға, 
әсіресе инфекцияның белсенді кездерінде, жұпалы. Беткейге 
бозғылт трепонемалар тіндердің тереңінен серозды бөліністер 
арқылы қажалу кезінде (жүрген кезде), фрикция кезінде 
(жыныстық қатынаста), тітіркендіру кезінде (механикалық және 
химиялық) шығуы мүмкін және егер онда мерездік папулалар 
табылған жағдайда ауыз қуысынан шығуы мүмкін. 


Қазіргі жағдайда сифилистің жұғу жолы ретінде жыныстық 
қатынасты таныған жөн. Тұрмыстық жұғу (ыдс-аяқ, шылым, 
түтіктер және т.б.) сирек кездеседі. Жыныстық емес жұғу мүмкін, 
егер науқастың аузында эрозияланған мерездік элементтер болған 
жағдайда. Өте сирек мерездік элементтердің бөліністері 
тұрмыстық заттарға жұғып, аурудың таралуына (ылғалды ортада 
трепонемалар ағзадан бөлек ұзақ тіршілік ете алады) мүмкіндік 
береді. Медицина қызметкерлері мерезбен ауыратын науқастарды 
қарағанда немесе оны емдеген кезде жұқтырып алуы мүмкін. 
Мұндай жағдайлар акушер-гинекологтарда, акушеркаларда, 
хирургтарда, стоматологтарда, венерологтарда, трепонеманы 
зерттеп жүрген лаборатория жұмысшыларында болған. Мұндай 
жұқтырудың алдын алу үшін қолғап киіп жұмыс жасап, білек 
терісінің бүтіндігін қадағалап отыру қажет, ал зерттеуден соң 
(әсіресе мерездің жұғатын кезеңі болған жағдайда), қолғапты 
шешіп, қолды дезинфициялаушы ерітінділермен ысқылап, 
сабынмен жуу қажет. 
Сирек жағдайда мерезбен ауыратын донордан тікелей қан 
құйғанда аурудың жұғуы мүмкін. Науқастың аузында мерездік 
элементтер болған жағдайда оның сілекейі ауру жұқтыруы 
мүмкін деп есептеледі. Емшек айналасында мерездік ешқандай 
өзгрістер болмаса да, ана сүті ауру жұқтыруы мүмкін деген де 
болжамдар айтылады. Мерездің белсенді түрімен ауыратын 
науқастың спермасы науқас жыныс мүшесінде мерездік 
өзгерістер болмаса да ауру жұқтыруы мүмкін деген де болжам 
бар. Сонымен қатар науқастан бөлінетін тер мен несеп қауіпсіз 
болып есептеледі. Мерезбен ауру анадан бала жолдасы арқылы 
ұрыққа берілуі мүмкін. Соның нәтижесінде туа біткен мерез 
дамиды. 
Мерездің дамуы тәжірибе жүргізіліп отырған жануардың 
денесіне 
қоздырғыштың 
қандай 
мөлшері 
енгізілгеніне 
байланысты. Адамдарда да солай болса керек. Мерездің белсенді 
түрімен ауыратын науқаспен ұзақ уақыт және бірнеше рет 
жыныстық қатынаста болған адамның, науқаспен бір ретті және 
қысқа 
уақыт 
жыныстық 
қатынаста 
болған 
адаммен 
салыстырғанда ауырып қалу қаупі жоғары. Сау адамдардың қан 


сарысуында бозғылт трепонемаларға қарсы шығатын факторлар 
бар. Басқа факторлармен біріге отырып, олар науқаспен 
қатынаста немесе себепті инфицирлену әрқашан бола бермейтінің 
түсіндіреді. Отандық мерез зерттеуші М.В. Милич өзінің 
мәліметтері мен әдебиеттерді зерттей келе, аурудың жұғуы 49-
57% жағдайда болмауы мүмкін деген болжам айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет