клеткалар), терең жатқан сілекей бездердің көптеген түйіндері
орналасқан. Кілегей асты қабат
кілегей қабығы төменіндегі
тінмен тығыз жабыспаған аймақтарда жақсы айқындалады,
мысалы ауыз қуысының түбінде. Кілегей асты негіз қызылиек пен
қатты таңдайда толықтай жоқ.
Ерін
тығыз бұлшықет қабатымен байланысқан сыртынан
терімен жабылған берік айналмалы бұлшықеттен тұрады. Ерінде
терінің үш қабатын ажыратады: терілік, аралық, немесе қызыл
жиек және кілегей. Қызыл жиек теріден кілегейге өтпелі
құрылымға ие, ондағы май бездері
тек ерін бұрыштарында ғана
сақталады. Еріннің қызыл жиегі толық мүйізденбейді,
эпителийдің беткей қабаты элеидинмен жабылған, ол мөлдірлік
береді. Типті мүйізді қабат, сондай-ақ жылтыр және түйіршікті
қабат қызыл жиекте болмайды.
Еріннің қызыл жиегінде сыртқы және ішкі зонаны ажыратады.
Сыртқы зонаның эпителийі түрі өзгерген мүйізді қабатты
құрайды, ал ішкі зонасы еріннің кілегей қабатына өтетін
шекарасы (Клейн зонасы), эпителийдің сыртқы қабатында ядросы
және өте ұзын дермальды емізікшелері бар. Ауыз қуысы, ерін, иек
пен тілдің кілегей қабығының нервтік
рецепторлық аппараты
үштік, бет, тіл-жұтқыншақ және тіласты нервтермен қамтамасыз
етіледі.
Қан тамыр және лимфатикалық жүйесі қызметін ауыз, ерін,
қызылиек пен тілдің барлық кілегей қабатына таралған қылтамыр,
венула,
лимфатикалық
торлар
атқарады.
Лимфатикалық
тамырлар, әсіресе, бадамша без бен тіл түбірінде тығыз
орналасып, теріден 5 мм-ге көтеріліп тұратын лимфоэпителиалды
жүйені құрайды, ол крипта деп аталады. Лимфоидты тіннен
кілегей қабатқа сілекейдің құрамынан
табылатын лимфоциттер
бөлінеді.
Сілекей бездері.
Ауыз қуысында үлкен және кіші деп бөлінетін
көптеген сілекей бездері бар. Үлкен сілекей бездерге ауыз
қуысынан тыс орналасатын және шығару өзегі ұзын құлақмаңы,
төменгі иекасты және тіласты бездерді жатқызамыз. Кіші сілекей
бездер гетерогенді, еріндік, беттік, таңдайлық және тілдік түрлері
болады.
Ауырсыну мен қышынудың (ноцицепцияның) перифериялық
өткізгіш
жолдарын
көп
авторлар
афференттік
нерв
талшықтарымен байланыстырады.
Ауыз қуысының кілгей қабаты терітерінің функциясы
сықылды қызмет атқарады.
Пластикалық функциясы айқын
көрінеді, себебі эпителияның жоғары митотикалық активтілігімен
(тері жасушаларынан 3-4 рет жоғары) түсіндіріледі де, ауыз
қуысының кілегей қабаттарының регенерациялық қабілетін
айтарлықтай жоғарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: