Ажыратудиагностикасы . Ауыздың кілегей қабығында
милиарлы жаралы туберкулез және ісікке ұқсас гуммозды
зақымдалуы болады. Милиарлы жаралы туберкулезде жаралар
ауырсынулы,
шеттері
жұмсақ,
жараланған,
түбі
оңай
қансырайтын, меншікті өсінділермен жабылған. Жабындыда
туберкулез микобактериясы анықталады. Жаңадан пайда болған
түзілістің тығыздығы, ауырсынуы, жаралы шеттері, жараның
бұрыс формасы, қансырауы ісікті жараға тән. Әдетте
цитологиялық зерттеуде ісікте атипиялық клеткаларды анықтауға
болады. Кейде диагностикалық мақсатта биопсияға немесе
сынама ретінде йодидті калиймен емдеуге жүгінеді.
Тілдегі немесе еріндегі жаралы гумма жаралы қатты
шанкрмен ұқсас, бірақ шанкр әрқашан гуммада кездеспейтін
регионарлы лимфоаденитпен қатар жүреді, бөліндіде бозғылт
трепонемалар табылады. Гуммозды сифилидке ұқсас таңдайдың
тесілуіне дейін байқалатын клиникалық көрінісі лепраның
лепроматозды формасында байқалады, бірақ жараның түбінен
алынған жағындыда лепра микобактериясы табылады.
Туберкулезді
жегімен
төмпешікті
мерездің
ажырату
диагностикасында, жегінің жайлап жылдар бойы жұмсақ
консистенциялы болатынын ұмытып кетпеу қажет. Туберкулезді
жегіде түзілетін атрофиялық тыртық фонында жиі жаңадан
люпомалар түзіліп, фокусты ұяшықтар және дұрыс фестондық
шекаралары болмайды. Люпомалар ыдырағанда түзілетін,
жаралардың тегіс және жұмсақ шеттері болмайды. Үшіншілік
мерездің диагностикасында РИФ, РИБТ нәтижелері, сонымен
қатар сынамалы емнің маңызы шешуші роль атқарады.
4.1.5. Н ЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕРЕЗІ Жүйке жүйесінің зақымдалуы мерездің кез келген кезеңінде болып , әртүрлі клиникалық формада көрініс беруі
мүмкін . Жұқтырғаннан кейін алғашқы 5 жылда жүйке жүйесінің