Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ерте нейромерезге мезенхиманың қабыну



Pdf көрінісі
бет302/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Ерте нейромерезге мезенхиманың қабыну 
өзгерістерін, ал кешке – нервтік паренхиманың дегенеративті 
зақымдалуын, яғни жүйке клеткалары, талшықтар мен 
глиалардың зақымдалуы жатады
. Ерте мерездің клиникалық 
формаларының арасында, кейде бас нервтерінің зақымдалуы 
байқалатын 
менингитің 
алатын 
маңызы 
зор. 
Жедел 
генерализацияланған мерезді менингитті, мерездік, көру 
нервтерінің невритімен қосарланатын, олардың атрофиясымен, 
соқырлықпен және есту нервінің невритімен аяқталатын 
менингоневрит (базальды менингит); жасырын сифилитикалық 
менингитті ажыратады. Сонымен қатар нейромерездің тамырлық 
формаларын (ерте және кеш менинговаскулярлы сифилис) 
ажыратылады. 
Нейромерездің 
кеш 
формаларына 
кеш 
менинговаскулярлы мерезден басқа, мидың тамырларының 
мерезін, мидың гуммаларын, кеш жасырың мерездік менингитті, 
жұлынның семуін (сухоткасын – 
tabes dorsalis
), прогрессивті 
параличті жатқызады. 
Мезенхималық нейромерездің қазіргі уақатта мидың және 
жұлынның қан тамырларын зақымдалуымен жүретін кеш 
менинговаскулярлы 
(Lues meningovascularis)
немесе негізінен 
мидың тамырларын зақымдайтын таза васкулярлық 
(lues cerebri) 
немесе ми мен жұлынды зақымдайтын 
(lues cerebrospinalis)
формаларын атайды.
Мидың қабықтарының қабынуының, әдетте созылмалы, 
әсерінен бастың ауруы, бас айналу, құлақтың шулауымен
сипатталады. Бірақ негізгі клиникалық көрінісіне мида немесе 
жұлында арнамалы инфильтраттың жиналуымен сипатталатын, 
қан тамырлардың зақымдалуына байланысты болып келеді. 
Осының әсерінен қозғалту жүйесінің бұзылуы (парездер, 
параличтер), сезімтал сферасының (парестезиялар, тактильды 
температуралық), сөйлеу, психикалық қызметтің бұзылысы 
байқалады. 
Бұл 
жағдайда 
ажырату 
диагностикасын 
атеросклерозбен ауыратын науқастарда болатын гипертоникалық 
кризбен жүргізу керек. Мидың қан тамырларының мерездік 
зақымдалуын анықтауда науқастың жасы (бірақ гипертоникалық 


криз жастарда да кездеседі), қалыпты қан қысымы, аурудың 
қатерсіз басталуы, емсіз пайда болатын ремиссиялар, белгілердің 
«шашыраңқы» орналасуы (оң аяқтың парезі, сол қолдың 
парестезиясы, сөйлеудің дұрыс болмауы), серологиялық 
зерттеулердің нәтижелері, мерезге қарсы сынама ем нәтижелері 
маңызды. 
Тамырлардың мерездік зақымдалуларының кеш формалары 
нерв жүйесінің сифилисінің 70% құрайды. Оның уақытында
анықталуы маңызды роль атқарады, себебі мерзімінде дұрыс 
қойылған диагноз аурудың жағымсыз болжамының болмауына 
ықпал етеді (көп жағдайда тамырлардың сифилитикалық 
зақымдалуы арнайы емге жақсы көніп, толық немесе толыққа 
жақын 
зақымдалған 
бөлімнің 
функциясының 
толық 
қалыптасуына қол жеткізеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет