4.1.7. І ШКІ МҮШЕЛЕРДІҢ МЕРЕЗІ Мерез бастапқы даму сатысында ішкі мүшелер мен жүйелерді
зақымдайды. Мерездің кеш формаларында, сонын ішінде
үшіншілік мерезде, гуммозды процесстер әр түрлі мүшелер мен
жүйелерде, сонымен қатар нақтылы висцеральды сифилиске
жатқызуға болатын аурулар болуы мүмкін.
Ішкі мүшелерден жүрек-қан тамыр жүйесі және бауыр
зақымдалады. Екіншлік және үшіншілік мерезде миокардиттер
ентікпе,
жалпы
әлсіздік,
аритмия,
жүрек
тондарының
тұйықтығымен,
шекараларының,
әсіресе
сол
жағының,
ұлғаюымен сипатталады. Мерездік миокардит басқа этиологиялы
миокардиттерден
айырмашылығы
болмайды.
Диагностика
мерездің басқа клиникалық және лабораторлық негізі арқылы
дәлелдеп, әсіресе миокардитті мерезде аортит байқалады.
Аортит – висцеральды мерездің негізгі көрінісі. Негізгі
өзгерістер аортаның ортаңғы қабығында, осыған байланысты
оның аорта қабырғасының қалыңдауымен сипатталып, өрлеу
бөлігінің кеңеюімен бірге жүретін, мезаортит туралы айтуға
болады. Егер қалыпты жағдайда аортаныңың құлдырау бөлігі 3–
3,5 см тең болса, мезаортитте 5-6 см дейін жетіп, сирек
колбатәрізді формалы болады. Мерездік аортит аортаның
аневризмасы сияқты қауіпті асқынуға алып келіп, оның
жыртылуы 1/3–¼ жағдайда өлімге алып келеді.
Зақымдалған бауыр үшіншілік кезеңде 2-4% жағдайда
висцеральды мерезді туғызады. Ошақты гуммозды, миллиарлы
гуммозды, немесе шашыраңды инфильтративті және созылмалы
эпителиальды мерездік гепатитті ажыратады.
Басқа ішкі мүшелер (бүйрек, өкпе, асқазан, ішектер)
үшіншілік мерезде сирек зақымдалады.