Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Сүйек жүйесінің зақымдалуы балалардағы ерте туа пайда



Pdf көрінісі
бет312/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Сүйек жүйесінің зақымдалуы балалардағы ерте туа пайда 
болған мерездің ең активті көрінісі.
Бұл 5-6 айда сүйек тінінің 
қарқынды өсуіне байланысты. Остеохондриттер – емшек 
жасындағы баларда туа пайда болған мерездің ең тән формасы. 
Олар құрсақішілік дамудың 5 айында түзіліп, туғаннан кейін 12 
айға дейін сақталады. Оларды жиі алғашқы 3 айда, кейде сирек 4 
айлығында анықтайды. Жастан асқан балаларда остеохондриттің 
активті көрінісі болмайды. Рентгенологиялық тексерістерді туа 
пайда болған және ауырған әйелдерден туған балаларды алғашқы 
2-4 айлығында жүргізеді. Туа пайда болған мерездің негізгі 
белгісі остеохондрит екенін ұмытпаған жөн. Жиі қолдардың, ұзын 
түтікті сүйектер зақымдалады. Патологиялық процесс метафизде 
шеміршекпен шекаралас орналасады. 
І дәрежелі мерездік остеохондрит шеміршек жасушаларының 
шамадан тыс әктенуінен ақ түсті жолақ болжамалы сүйектенудің 


шекарасының біртексіз кеңеюімен сипатталады. Жолақ шекарасы 
2 мм дейін кеңейіп, тісшелі болып көрінеді. Егер сызық тісшелі 
емес болса, ол сау балаларда немесе мерезбен ауыратын 
балаларда кездеседі, сондықтан бұл патогномикалық белгі болып 
саналады. 
ІІ дәрежелі остеохондрит рентгенограммада болжамалы 
сүйектенудің шекарасында ақ жолақ 4 мм дейін кеңейген, шеттері 
тісшелі болады. Осы шекарадан диафизге қарай екінші жолақ 
өтеді, түсі қаралау, жіңішке сүйек салмалары аз мөлшерде, 
қайтадан түзіліп жатқан сүйек тіні болып табылады. Бөлек 
жағдайда ақ жолақ жоқ болып кетуі да мүмкін, сонда тек бір ғана 
қаралау жолақ көрінеді. 
ІІІ дәрежелі остеохондритте эпифиз бен метафиз арасындағы 
қаралау жолақ рентгенограммада 4 мм-ге дейін, сау сүйекті 
тіннен шектелген. Бұл жолақ бүтін немесе бөлек ошақты 
деструкциядан тұруы мүмкін. Кейін грануляциялық тіннің
өліеттену нәтижесінің әсерінен эпифиз диафизден патологиялық 
сыну арқылы ажырап, Парро ауруы (1869 жылы бұл белгіні 
жалған салдану деп атап алғаш рет суреттеген қаламгердың атына 
сәйкес) 
(150-сурет)
деп аталады. Бала зақымдалған қол-аяғымен 
қозғалуды қояды, ал пассивті қозғалыста немесе абайсыз тиіп 
кеткенде қатты айқайлап кетеді. Қолы қамшы тәрізді салбырап 
тұрады, ал аяқтары жамбас-сан буынында бүгілген күйінде 
болады. 
Тізе 
және 
балтыр-аяқ 
буындарында ісіну байқалады. 
Ерте туа пайда болған мерезде 70-
80% 
балаларда 
ең 
жиі 
сүйектер 
зақымдалып, остеопериостит, периостит 
байқалады.
Олар 
жалғыз 
немесе 
остеохондриттермен бірге көрініс береді. 
Жиі ұзын түтікті сүйектер зақымдалып, 
оның бетінде сүйек қабының диффузды 
зақымдалуы шектелген ауырсыну, ісінуімен сипатталады. 
Рентгенограммада олар диафиз бойындағы оссифицирленген 
жолақ сияқты болады. Шектелген периоститтер туа пайда болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет