Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет317/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Мерездік лабиринтит
немесе лабиринтті құлақ естімеушілік 
қолайлы фонда пайда болып, естудің төмендеуімен және 
құлағының шулауымен сипатталады. Процесс лабиринттің 
инфильтративті қабынуымен және есту нервтерінің екі жақты 
дегенерациясымен 
сипатталады. 
Бала 
даму 
барысында 
лабиринтитте дыбыстарды айту қиындайды немесе саңырау 
болады. Арнамалы лабиринтит жиі 4-5 жастан бастап 15 жасқа 
дейінге қыздарда кездеседі. Егер құлақтың естімеуі 4 жасқа дейін 
пайда болса, мылқаулыққа дейін баратын сөйлеудің қиындауы 


байқалады. Сүйекті өткізгіштік бұзылады. Осы көріністерде 
бозғылт трепонемалар анықталмағандықтан, паренхиматозды 
кератит және мерездік лабиринтит инфекциялық генезді 
аллергиялық реакциясымен түсіндіріледі. Бұл процесстерде 
глюкокортикоидты терапия көмектесетіндіктен, бұл гипотеза 
жеткілікті болып келеді. 
Тіс патологиясы (Гетчинсон тістері)
Дж. Гетчинсон (1985) 
алғаш рет жоғарғы орталық тұрақты күрек тістердің 
дистрофиясын және шайнау беткейінің гипоплазиясын суреттеді. 
Тістердің шайнау қыры бойында жарты ай тәрізді ойықтар 
түзіліп, соның нәтижесінде күрек тістердің шайнайтын беттері 
жұқарып, тіс мойны жуандап, тістер бөшке немесе бұрауыш 
формалы болып келеді. Мойнының ені және шайнау бетінің 
айырмашылығы 2 мм-ден артық болмау керек, егер болса, бұл 
белгіні нақтылы деп санамау керек. Шайнау қырындағы эмаль 
жиі жоқ болады. Тістердің шайнау қыры бойында жарты ай 
тәрізді ойықтарды рентгенография жолымен ерте балалық шақта 
анықтауға болады. Жүктіліктің соңғы айларында немесе баланың 
өмірінің алғашқы 3 айында ем жүргізілсе, тістердің 
дистрофиясының алдын алуға болады.
Барлық 
аталған 
Гетчинсон 
үштігінің 
(триадасының) 
патогномоникалық белгілері сирек, жиі осылардың біреуі ғана 
кездеседі. Кейбір авторлар тура белгілерге арнамалы гониттерді 
жатқызып, Гетчинсон триадасын тетрада деп атауға ұсыныс 
жасады. Арнамалы гонит – тізе буындарының шеміршек және 
сүйек эпифиздерін зақымдамайтын созылмалы синовит болып 
табылады, созылмалы түрде буын қызметін бұзбай, дене 
температурасының көтерілмей және ауырсыну сезімінсіз өтеді. 
Буын көлемі ұлғайып, аздап ісініп, қозғалғыштығы шектелмейді. 
Процесс симметриялы болып келеді. Жиі тобықбуын және 
шынтақ буындары зақымдалады.
Кеш туа пайда болған мерездің ең негізгі көрінісі – сүйек 
жүйесінің зақымдалуы, әсіресе, үлкен жіліншіктің симметриялы – 
қылыш тәрізді – өзгеруі байқалады. Шын және жалған қылыш 
тәрізді балтырды ажыратады. Шын қылыш тәрізді балтыр емшек 
жасында ауырған остеохондрит болып саналады. Үлкен жіліншік 


сүйегінің орақ тәрізді иілуі алдыға қарай бағытталады. Жалған 
қылыш тәрізді балтыр сонымен бірге, жүре пайда болған мерезде 
кездеседі. Үлкен жіліншік сүйегінің алдыңғы бетінде массивті 
остеопериостальды 
бірігулер, 
бірнеше 
рет 
қайталанған 
остеопериоститтер нәтижесінде пайда болады. Қылыш тәрізді 
балтырлар «қылыш» тәрізді қолдар сияқты кеш туа пайда болған 
мерездің белгілері болып саналып, кейбір ортопедиялық 
ауруларда, әсіресе Педжет ауруы кезінде байқалады. 
Робинсон–Фурнье тыртықтары еріннің қызыл шетінде, кейде 
Клейн аймағында басталып, терінің қызыл жиегіне ауысады. 
Қызыл жиекте тыртықтар жіңішке түссіз сызықты жолақтар 
түрінде, еріннің бозғылт-қызғылт жиегінің фонында анық 
ерекшеленіп тұрады. Жиі жоғарғы және төменгі ерінде терең 
созылмалы жарылу, кеш туа пайда болған мерездің болуы мүмкін
белгісі болып табылады. 
Робинсон-Фурнье тыртықтарынан басқа, ерте туа пайда 
болған мерездің «штампы» болып, өмір бойы қалатын бөксе 
тәрізді бас қаңқасы болады. Ол диффузды оссифицирлеуші 
инфильтрат ретінде маңдай және төбе сүйектерінде пайда болады. 
Бұған мерездік гидроцефалия әсер етеді. Мерездік бөксе тәрізді 
бас қаңқасы рахиттіктіктен айырмашылығы өмірінің алғашқы 
айларында пайда болады. Рахитте бас қаңқасының деформациясы 
өмірінің 2-3 жылында дамиды. Ерте балалық шақта басынан 
өткізген мерездік ринит мұрынның шеміршектік немесе сүйек 
бөлігінің дұрыс дамымауымен бірге, осыған тән деформациялар 
мен мұрын қабырғасының перфорацияcын (ер тәріздес танау 
ілгері шығып тұрады, лорнеттәріздес, «ешкімұрыны», «ішіне 
опырылған мұрын») туғызады.
Кеш туа пайда болған мерездің белгілері – қалыптасып келе 
жатқан тіндерге бозғылт трепонеманың тікелей немесе жанама 
әсерінен пайда болатын дистрофиялық өзгерістер болуы мүмкін, 
дегенмен де осы тәріздес өзгерістер басқа аурулардың әсерінен де 
түзілуі мүмкін. 
Ата-анасында әртүрлі инфекциялық (мысалы, туберкулез) 
және инфекциялық емес (мысалды алкоголизм) аурулар 
байқалатын балаларда көптеген және әртүрлі дистрофиялар 


кездеседі. Олардың кейбіреуі арнамалы болмаса да, кеш туа 
болған сифилисте жиірек кездеседі. Бұндай дистрофиялар 
(стигмалар) кейде ерте, тіптен емшектік кезеңде, қалыптаса 
бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет