Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Кеш туа болған мерездің стигмаларының ішінде



Pdf көрінісі
бет318/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Кеш туа болған мерездің стигмаларының ішінде 
маңыздырақ болып келетіндері:
– Авситидийскийдің белгісі – диффузды гиперостоз нәтижесінде 
бұғана сүйегінің төс шетінің қалыңдауы. Жиі оң бұғана сүйегі 
зақымдалады. 
Рентген 
суреті 
клиникалық 
диагнозды 
дәлелдейді.
– жоғары («жебе тәріздес» немесе готикалық) қатты таңдай 
– инфантильді шынашақ (Дюбуа–Гиссар белгісі), шынашақтың 
қысқаруы (Дюбуа белгісі), ал шынашақтың өзі аздап қисайған 
және ішке қарай бұрылған (Гиссар белгісі); 
– аксифоидия – төстің қанжар тәрізді өсіндісінің болмауы (бірақ, 
төстің қанжар тәрізді өсіндісі ішке қарай бұрылып, жоқ сияқты 
көрінуі мүмкін); 
– Карабелли төмпешігі – жоғарғы жақтың бірінші азу тісінің 
шайнау бетіндегі 5-ші қосымша төмпешік; 
– Гаше диастемасы – жоғарғы күрек тістерінің арасының кең 
болуы; 
– ер балалар мен қыз балаларда гипертрихоз байқалады, сонымен 
қатар маңдайында шаштарынң қысқа (қабағына дейін) өсуі; 
– бас сүйектерінің дистрофиясы – маңдай және самай сүйегінің 
шығып тұруы, арасында екеуін бөліп тұратын жол болмайды. 
Диагностикасы

Бір 
нақтылы 
көрініс 
болса 
да 
диагностикалық маңызы бар. Болуы мүмкін көріністер мен 
дистрофиялар (стигмалар) ең болмаса бір шын көрініспен 
қосарланғанда немесе серологиялық зерттеулердің, балаларда 
және олардың ата-анасында инфекциялардың анықталуы туралы 
мәліметтер анамнезінде анықталғанда есепке алынады. Кеш туа 
болған сифилисте диагнозды РИФ, РИБТ және РПГА 
серологиялық реакциялары нәтижелері мақұлдайды.
Болжамы анасының емінің сапасы және мерзімінде 
жүргізлуіне және баланың науқасының ауырлық дәрежесіне 
байланысты. Толық дәрежелі ем, тиімді тағам мен күтім, 


емшекпен тамақтандыру баланың толық жазылып кетуін 
қамтамасыз етеді. Кеш туа болған сифилисте мерзімінде 
басталған емнің тиімділігі жоғары, бірақ РИБТ және РИФ ұзақ 
уақыт оң нәтижелі болып қала беруі мүмкін. 
Алдын алуы

Нұсқауларға сәйкес әйелдер кеңестік 
емханалары барлық жүкті әйелдерді есепке алып, оларды 
клиникалық және серологиялық зерттеулермен қамтамасыз етеді. 
Сифилиске серологиялық зерттеулер екі рет жасалады – 
жүктіліктің бірінші және екінші жартысында. Жүкті әйелдерде 
сифилистің активті немесе жасырын түрлерін анықтағанда тек 
қана антибиотикпен емдейді. Егер әйел сифилиспен ертеде 
ауырып, сифилиске қарсы емді аяқтаған болса да, жүктілік 
кезінде арнамалы алдын алу емін, дені сау баланың туылуын 
қамтамасыз ету үшін, міндетті түрде жүргізеді. Босанудан 1-2 
апта бұрын арнайы емес серологиялық реакциялар жалған оң 
нәтижелі болуы мүмкін. Бұндай жағдайда жүкті әйелге арнайы ем 
тағайындамайды, ал босанғаннан кейін 2 апта өткесін анасын 
тексеруді қайталап жүргізіп, баланы ұқыпты зерттейді. Сифилис 
диагнозы дәлелденсе сифилиске қарсы ем тағайындайды. Анасы 
ауырған, жүктілікке дейін және жүктілік кезінде ем алған 
нәрестелер 15 жыл бойына бақылауда болып, ұқыпты зерттеулер 
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет