Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


 ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯДАҒЫ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет33/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1.3. ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯДАҒЫ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗДЕРІ 
1.3.1. Т
ЕРІДЕГІ ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫ КІЛЕГЕЙ ҚАБАТЫНДАҒЫ 
НЕГІЗГІ ПАТОГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР
:


Терідегі және ауыз қуысы кілегей қабатындағы негізгі
патогистологиялық өзгерістер:
– 
гиперкератоз
– мүйізді қабаттың қалыңдауы (мүйізді 
қабыршақтың шектен пайда болуы немесе мүйізді 
қабыршақтардың түлеуінің тоқтауы); 
– 
паракератоз
– 
мүйізді қабатта ядроның болуымен 
сипатталатын толық мүйізденбеуі (түйіршікті қабаттың 
толық дамымауымен немесе болмауымен жүреді); 
– 
гранулез
– түйіршікті қабаттың қалыңдауы; 
– 
акантоз
– тікенекті қабаттың жасушалар қабатының 
санының көбеюі; 
– 
дискератоз
– жекеленген кератиноциттердің мерзімінен 
бұрын мүйізденуі; 
– 
жасушаішілік ісік
(вакуолизация) – эпидермоциттердің 
протоплазмасында 
вакуольдердің 
пайда 
болуымен, 
ядролардың деформациясымен, пикнозбен сипатталады; 
– 
спонгиоз
(эпидермистің жасушааралық ісігі) – жасуша 
арасында экссудаттың жинақталуымен, жасушалааралық 
көпіршелердің 
керілуімен 
және 
жарылуымен, 
эпидермаішілік күлдіреуіктің қалыптасуымен сипатталады; 
– 
баллонирлеуші дистрофия
– жасушааралық көпіршелердің 
бұзылуына әкелетін некробиотикалық процесс; бір-бірімен 
байланысынан айырылған жасушалар немесе жасушалар 
тобы, шар тәрізді ісінген құрылымдар (баллондар) кеңейген 
жасушааралық жазықтарда бос жүзіп жүреді; 
– 
акантолиз
– интраэпидермальды қуыс пайда болуына 
әкелетін, олардың десмосомальды қатынасының бұзылу 
салдарынан 
эпидермальды 
жасушалардың 
арасында 
байланыстың жойылуы; 
– 
эпидермолиз
– 
субэпидермальды 
қуыстардың 
пайда 
болуына әкелетін жартылай десмосомдардың қатынасының 
бұзылуы нәтижесінде базальды мембрана аймағында 
эпидермис пен дерманың арасындағы байланыстың 
жойылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет