1.3.4.
Д
ЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ
-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАС
Біздің еліміздегі әлеуметтік формацияның ауысуы науқас пен
дәрігер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа аспект енгізді.
Мемлекеттік медициналық мекемелермен қатар жеке кабинеттер
мен клиникалар пайда болып, бұрын болмаған медициналық
қызметтің сатылуы ұғымы қалыптасты. Әрекет арқылы (әрекет
етпеумен) тигізетін моральдық зияны (физикалық және
моральдық уайымы) үшін компенсация талап етіледі. Бұл
анықтамаға денсаулығына айтарлықтай зиян келмесе де,
дәрігердің науқасқа сыйластықпен қарамауы, онымен дұрыс
қарым-қатынас орнатпауы сияқты жағдайлар да кіреді.
Бірақ барлық дәрігер бірдей өз қызметінің медициналық-
құқықтық аспекттерін бағаламайды. Дәрігердің медициналық
қызметінің құқықтық негіздерін білмеуі келтіруі мүмкін
медициналық зияндықтары үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Дәрігер емді тағайындай отырып, бұл дәрілік заттардың науқаста
жағымсыз әсер туғызбайтынына көз жеткізуі керек. Бізге
анамнезінде пентрексилге аллергиялық реакциясы бар науқасқа
көмек көрсетуге тура келді. Бұл жайында дәрігерге
ескерткенімен, дәрігер дәл сол препараттың басқа коммерциялық
атаудағы түрін (ампициллин) тағайындаған. Осының нәтижесінде
науқасты жедел госпитализациялауды қажет ететін Стивенс-
Джонсон синдромы түріндегі ауыр асқыну туғызған. Дәрігердің
бұл әрекетін сапасыз медициналық көмек деп бағалаған.
Медициналық мекемелер мен медициналық қызметшілердің
жұмысы
жоғары
жақтағы
медициналық
ұйымдардың
бұйрықтарымен және нормативтік құжаттармен бекітілген.
Алайда тәжірибесінде дәрігерлер, әсіресе, жас мамандар бұл
құжаттардың мазмұнымен таныс емес. Осы уақытқа дейін
жоғарғы медициналық оқу орындарының оқу бағдарламасында
бұл құжаттармен таныстыру қарастырылмаған. Дәрігер құқықтық
сұрақтардан беймәлім болса да, жасаған қателіктері үшін жауап
беруден жалтара алмайды.
Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас 3 негізгі
этаптан тұрады: анамнез жинау, науқастың шағымдарын тыңдау,
науқасты терсеру мен диагноз қою, науқасты емдеу.
Дәрігердің науқасты тыңдай білуі көп жағдайда науқаспен
контактты қалыптастырады. Дұрыс диагноз қоюға тіпті бір
көзқарас жеткілікті болғанның өзінде дәрігер науқастың
шағымдарын тыңдауы керек. Асығыстық, дәрігердің науқасқа
дұрыс көңіл бөлмеуі сәтті емге кедергі келтіретін науқастың теріс
реакциясын тудыруы мүмкін. Мұндай науқастар дәрігердің
біреуінен
екіншісіне
барып,
ауруынан
айығатынына
сенімсіздікпен қарай бастайды. Көптеген дерматоздардың
негізінде жатқан науқастың патологиялық психосоматиялық
жағдайы одан бетер нашарлай түседі.
Науқасты тексеру және диагноз қою толығымен ауру
тарихында көрініс табуы қажет. Бұл тергеу және сот талқылауына
түсетін маңызды емдік-диагностикалық заңды құжат болып
табылады. Ауру тарихын салғырт толтыру талас туғызатын
жағдайларда дәрігерге қарсы келіп, түрлі санкцияларға, соның
ішінде соттық жағдайға әкеледі. Талас туғызатын негізгі
себептерге медициналық көмектің сапасыздығы, диагностикалық
қателіктер, қате емдік тактика таңдау, біріншілік медициналық
құжат жүргізудегі кемшіліктер жатады.
Заңнамалық қойылымдар науқастың құқығын қорғауға
бағытталған,
ал
дәрігер
құқығы
қорғаусыз
қалуда.
Дерматовенерологқа қатысты сот отырыстары көп жағдайларда
науқастың пайдасына шешіледі. Мұндай жағдайларда дәрігер тек
дұрыс және толық рәсімделген медициналық құжатына және
құқықтық біліміне ғана сене алады. Медициналық құжаттардағы
түзету, жабыстыру, қыстырулар артынан жасалған әрекеттер деп
бағаланады.
Науқастың арнайы медициналық білімі жоқ болғандықтан,
дәрігер оның ауруы туралы, тағайындап жатқан ем тактикасын,
науқасқа қауіп туғызарлық мүмкін асқынуларды түсіндіруі керек.
Медициналық қызметкердің науқастың келісімінсіз жасаған
барлық әрекеттері дұрыс деп саналмайды. Науқас осылайша ем
процессіне қатынаса алады. Дұрыс ақпараттандыру науқас пен
дәрігердің арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Науқастың қолы тағайындап отырған тексеріс пен емге оның
келісімін растайды.
Қазіргі кезде бірқатар медициналық мекемелер тәжірибесіне
қандай болмасын жасалатын ем мен тексеріске науқастың
ақпараттандырылған келісімін алу енгізілді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ АРАЛАСУҒА ӨЗ ЕРКІМЕН
АҚПАРАТТАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМІ
Амбулаторлық карта № _____________________________
Мен,____________________________________________________
____________________
Түсінікті түрде өз (баламның) денсаулығы жөнінде алғашқы
ақпаратты алдым. Маған жүргізілетін және альтернативті тексеру
әдістері бойынша толық түсініктеме берілді. Ұсынылып отырған
тексеріс жоспарынан бас тартсам, сапалы медициналық көмекті
толық көлемде ала алмайтыным туралы ескертпе алдым. Маған
медициналық
көмекке
жүгінуім
жайында
ақпаратты,
денсаулығымның жағдайы, диагноз не тексеріс барысында белгілі
болған басқа да мәліметтерді құпия сақтауға кепілдік берілді. Мен
өз ауруым және тексерістер туралы өзімді қызықтырған
сұрақтарды қою мүмкіндігіне ие болдым.
Тағайындалған тексеріс жоспарымен келісемін.
Тағайындалған тексеріс жоспарынан бас тартамын, (қажетсізін
сызып тастау керек).
“_____”_________20__ж
_________________________________________________________
(науқастың не оның заңды представителінің қолтаңбасы)
(дәрігердің қолтаңбасы мен мөрі)
Мен,
_________________________________________________________
түсінікті түрде өз (баламның) денсаулық жағдайы, тексеріс
нәтижесі, ауруым, диагноз бен мүмкін болжам жөнінде ақпарат
алдым (сәтті жазылу мүмкіндігі және емнен бас тарту салдары).
Маған жүргізілетін ем жоспары бойынша толық түсініктеме
берілді (мүмкін болатын медициналық араласулар, солармен
байлансты қауіп-қатер мен салдары); емнің альтернативті әдістері
жайында айтылды.
Мен жағдайымдағы кез-келген нашарлауды дәрігерге жедел
хабарлап, басқа ауруларға жазылмаған препараттарды да
қабылдаумен келісемін.
Маған дәрігердің тағайындамасын орындамау, дәрілік заттарды
уақытымен қабылдамау, өз өзін емдеумен айналысуы емді
асқындырып, денсаулыққа кері әсерін тигізетіні туралы айтылды.
Маған, басқа адамға венерологиялық ауру жұқтырсам, РФ-ң
Қылмыстық кодексінің 121 ст. бойынша жауапқа тартылатыным
айтылды.
Мен ауруым мен емі жайында өзімді қызықтырған сұрақтарды
қойып, алған жауаптарыма қанағаттандым.
Ұсынылған ем жоспарымен келісемін.
Ұсынылған ем жоспарынан бас тартамын (қажетсізін сызып
тастау керек).
«____”____________20___ж.
___________________________________________________
(науқастың не оның представителінің қолтаңбасы)
(дәрігердің қолтаңбасы мен мөрі)
Дәрігер жүргізілген ем нәтижесін “клиникалық жазылу”
немесе ”клиникалық жақсару” деп бағалайды. Бұл ұғым
субъективті болып, күткен нәтижесін ала алмаған науқас қарсы
болуы мүмкін. Ауру тарихындағы (амбулаторлық картадағы)
аурудың клиникалық көрінісінің динамикасын көрсеткен
жазбалар дәрігерлік құжаттың қорғанышы болады. Шет елдердегі
дерматологиялық клиникаларда науқастарды емге дейін және
емнен соң суретке түсіріп қояды екен. Сандық құрал-
жабдықтардың қол жетімді болуы, жәй қағазға басып шығарудың
қарапайымдылығы мен тездігі науқастың объективті жағдайын
оңай құжаттандыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман медицинасының даму тенденцияларының бірі –
дәрігер тәжірибесінде емдік-диагностикалық стандарттарды
қолдану. Стандарттар клиникалық нәтижелілік, қауіпсіздік және
ем мен диагностикалық араласулардың құны арасындағы ең
ұтымды байланысты қамтамасыз ете алады. Ол науқастың
қиналысын жеңілдетіп қана қоймай, дәрігердің де заңды
қорғанышының маңызды элементі болып табылады. Емдік-
диагностикалық стандарттың ішіне кіретін дәрілік заттардың
сипаттамасы дәлелдеу медицинасына негізделген: қолдануға
көрсеткіштер мен жағымсыз әсерлері, жүргізілген клиникалық
зерттеулердің сапасы мен санына, нәтижесінде дұрыс болу
деңгейі бойынша реттестірілген. Емдеу стандартының құрамына
ем нәтижелілігі және дәрілік заттар қолданысындағы дәлелденген
қауіпсіздігі арасындағы ең ұтымды байланысты қамтитын
тағайындамалар схемалары кіреді. Альтернативті схемалар
тағайындалған схемаларды қолдана алмайтын жағдайларда
(жастық шектеулер, көтере алмаушылық, жүктілік, лактация
жағдайы, т.б.) емнің қол жетімді нәтижесін береді.
Берілген
тағайындамаларды
орындау
арқылы
емдік-
диагностикалық көмектің сапасы да артады, медициналық
қызметкерлердің құқығы да қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |