Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет70/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Шиқан 
(Carbunculis)
.
Шиқан бірнеше жақын жатқан 
шаш қапшықтарын қамти жүретін дерма мен гиподерманың терең 
жатқан 
қабаттарының 
іріңді-некротикалық 
қабынуы. 
Фурункулмен салыстырғанда, карбункулда іріңді-некротикалық 
инфильтрат кеңге жайылады және дерма мен гиподерманың 
тереңірегіне бойлайды.
“Карбункул” сөзі латынның 
carbo
– көмір деген сөзінен 
шыққан, себебі іріңді-некротикалық қабыну процессі нәтижесінде 
некроздалатын аймақтарының түсі қара.
Жиі орналастын жері – мойынның артқы беті, арқа, бел 
аймағы.
Қоздырғышы 
– 
алтын 
түсті 
стафилококк, 
кейде 
стафилококктың басқа түрлері. 
Қатты жүдеген (созылмалы ашығу немесе ауыр жалпы 
аурудан кейін), иммунитет пен зат алмасу, әсіресе көмірсу (қант 
диабеті), процессінің бұзылысы үлкен маңызға ие. 
Бастапқыда карбункул дамуы орнында бір инфильтратқа 
қосылысатын бірнеше бөлек-бөлек тығыз түйіндер түзіледі. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19-сурет. Гидраденит 


Инфильтрат бірте-бірте үлкейіп, 
диаметрі кейде тіпті 10 см-ге жетеді. 
Беткейі жарты шеңбер тәрізді пішінде 
болады, жергілікті айқын ауырсынады, 
терісі керіліп, ортасы көгеріңкіреп 
тұрады. Бұл инфильтрат дамуының 
бірінші сатысы, 8-12 күнге созылады. 
Содан соң инфильтрат үстінде қақпағы 
ашылатын пустула түзіледі. Тор тәрізді 
бірнеше тесіктер пайда болады 
(20-
сурет).
Осы тесіктердің ішінен ірің мен 
жасыл түсті қан аралас некроздық 
массалар ағып тұрады. Біртіндеп 
шиқанның ортасындағы некрозы ұлғая 
береді. Некрозды тін бөлініп шыққан соң терең жара пайда 
болады, ол етке дейін баруы да мүмкін. Екінші сатысы – іріңдеу 
және некроздалу сатысы, 14-20 күнге дейін созылады. Әрі қарай 
жара грануляциялық тінмен толтырылып, дөрекі терең тыртық 
түзіледі. Көлемді тыртықтар шиқанға байланысты жасалған 
отадан кейін де қалады. 
Әдетте шиқандар бір-біреуден болады. Олардың дамуы 
жоғары қызба, түршігу, бас ауруы, әлсіздік, қалтыраумен 
сипатталады. Жасы келген және ауыр диабетпен ауыратын
науқастарда шиқанның ағымы қатерлі өтеді. Бұл жағдайларда 
неврологиялық ауырсыну, сандырақтау немесе терең есеңгіреу, 
септикалық қызба байқалады. Ірі қан тамырларынан көп көлемде 
қан кеткенде және сепсис кезінде науқас өліп те кетуі мүмкін. 
Шиқан бет, жоғарғы ерін аймағында орналасса, менингеальді 
асқынулар туғызуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет