Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет72/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Сақина тәрізді импетиго

Сақина тәрізді импетиго немесе 
ангулярлы стоматит (ауыздық) тез жарылатын ауыздың бір 
немесе екі бұрышында бірдей орналасатын фликтенамен 
сипатталады. 

 
21-сурет. Стрептококкты импетиго 


Сондай-ақ, мұрынның қанаттары мен көз саңылауының 
сыртқы шетін де зақымдауы мүмкін. Алдымен ауыз бұрышында 
жарылғанда беткей орналасқан көлденең жарылулар түзетін әлсіз 
көпіршіктер пайда болады. Түзілетін бал-сары қабықшалар 
мацерация нәтижесінде түсіп қалады. Ауру қышынумен, сілекей 
ағумен, тамақ ішкенде ауырсынумен жүреді. Ринит, кариозды тіс, 
конъюнктивит, езуін жалайтын әдеті бар адамдарда (сондықтан 
ауру жиі балаларда дамиды), жасанды тістер киетін қарт 
кісілерде, 
тамақ 
құрамында 
В 
дәрумендер 
кешені 
жетіспеушілігінде ұзақ ағымда жүреді.
 
Сақина тәрізді импетигоның суйісу кезінде, сүлгі және ыдыс 
арқылы жұғу мүмкіндігі жоғары. Аурудың жанұяда жаппай 
таралуы сипатталған. Емдемесе ауру ұзаққа созылады, себебі 
әрдайым ауыз бұрышын жалау нәтижесінде мацерацияны ұстап 
тұрады. 
Ауыздықты, мацерациясы мүйізді қабаттың түсіп қалуына 
(жарылу) дейін жүретін ауыз бұрышының беткей кандидозынан 
ажырату керек. Мерездің екіншілік кезеңінде ауыз бұрышындағы 
эрозивті папулалардың инфильтративті негізі болады жіне 
аурудың басқа да симптомдары пайда бола бастайды. 
Жәй теміреткі.
 
Жәй теміреткі стрептококкты импетигоның 
құрғақ түрі болып саналады. Ол көбіне балаларда дамиды. 
Дөңгелек, сопақша пішінді, шекарасы анық, ақшыл немесе 
қызғылт түстес, көлемді қабыршақтармен жабылған ошақтар 
а б
22-сурет. Буллезді импетиго: 
а) қанды сұйықтықты көпіршік
 б) иммунодефицит фонындағы көпіршік пен фликтена 


түзіледі. Әсіресе, ол пигментті теріде анық көрінеді. Күн 
сәулесінің әсерінен ауру жазылып кетуі де мүмкін, бірақ 
зақымдалған жердегі тері сау терімен салыстырғанда күнге нашар 
күйеді, сондықтан тері ала-құла болып көрінеді. Жиі орналасатын 
жерлері – ауыз маңы, ұрт, төменгі жақ аймағы, кейде дене мен 
аяқ-қол терісі. 
Әдетте ауру көктем мен күзде дамиды. Балалар мекемелерінде 
жәй теміреткінің эпидемиологиялық бұрқ етулері болуы мүмкін. 
Субъективті кейде аздаған қышыну болады. 
Турниоль
(
tourney
– шеңбер) негізінен үлкен адамдарда 
кездеседі. Саусақтың тырнақ пластинкаларының айналасында 
басында серозды, сосын лайлы-іріңді бөлінісі бар фликтеналар 
түзіледі. Ауру стрептококктардың енуіне жағдай жасайтын 
сөгілген көбе, саусақ жарақатында дамиды. Зақымданған саусақ 
ісініп, ауырсынады. 
Фликтена ашылған соң эрозия түзіліп, тырнақ білікшесін таға 
тәрізді қоршап алады. Процесс тырнақ пластинкасының 
тежелуіне әкелуі мүмкін. Кейде лимфангит, қалтырау, жалпы 
әлсіздік, қызба болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет