Арман пв баспасы



Pdf көрінісі
бет256/273
Дата26.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#144454
түріКнига
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   273
АРМАН
-
ПВ
 
баспасы
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


258
Жырау – өз жанынан шығарып жыр айтатын және эпикалық 
дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының 
өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ 
қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық 
қайраткері рөлін атқарды. Жырау жаугершілік заманда 
жорықтарға қатысып, батыр, қолбасы бола жүріп, ел қорғау
азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.
Жыр шы – жыр айтушы, таратушы. Жыршы жырды домбы-
раның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады
сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрын-
нан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. 
Кейбір жыршы өз жанынан да өлең-жыр шығарады. Жыршыны 
халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген.
Идея – жа зу шы ның өзі кө тер ген әлеу мет тік мә се ле лер, адам дар 
тағ ды ры ар қы лы айт пақ ойы, та ныт пақ шын ды ғы.
Иди ллия – қа ре кет сіз, қам сыз, қы зық өмір ді жыр лай тын өлең.
Имп ро ви за ция – латын тілінен аударғанда «кенеттен», 
«тұтқиылдан» деген мағынаны береді. Суырыпсалмалық – көркем 
туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз 
жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Поэтикалық импровизация – ақын немесе жыршының алдын 
ала дайындықсыз берілген тақырыпқа кенеттен жыр шығаруы. 
Қазақ ауыз әдебиетінің өкілдері, негізінен, суырыпсалмалық 
өнерге шебер болған. Ежелгі дәстүр бойынша жылдам әрі бөгетсіз 
өлең шығарып айта білмегенді халық ақын деп танымаған. 
Импровизацияның үздік үлгісі – ақындар айтысы.
Импровизацияға қатысты тағы бір ұғым бар. Ол – экспромт. 
Латын тілінде «дайын, әзір» деген мағына береді. Ақынның 
ешқандай дайындықсыз, ұшқыр ойынан туған немесе жазбаша аз 
көлемдегі өлең. Бұл өлеңдер әзіл-қалжың мағынасында кездеседі. 
Экспромт деген ұғым – жарқ еткен бір ойды ықшам түрде өлеңмен 
айту болса, суырыпсалып айту (импровизация) – көлемді өлең 
жырларды түгелдей табан астында бірден жанынан шығарып айту 
шеберлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет