Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
инкл каз

ақпаратқа 
қолжетімділіктің 
баламаларын ұсыну 
(мысалы, көзбен 
көретіндей, 
құлақпен 
еститіндей)
білім алушылардың 
меңгерген оқу 
материалдарын 
ұсынуының әртүрлі 
формалары
орындалған 
тапсырмаларды 
әртүрлі тәсілдермен 
ұсыну (мысалы, 
мәтін, ауызша сөз, 
фильм, музыка)
білім алушыларды 
оқу процесіне 
тартудың әртүрлі 
тәсілдері
серіктестік пен 
қарым-қатынасты 
ынталандыратын 
нұсқаларды ұсыну 
(мысалы, бірлесіп 
оқыту)


85 
 
Сабақты жоспарлау кезінде осы үш принципті қолдану педагогтерге білім 
алушылардың білім алуына немесе алған білімін түсіндіруіне кедергі келтіретін 
барьерлерді азайтуға немесе мүлдем жоюға септігін тигізеді.
UDL-дың осы үш принципі миды таным мен оқыту аясында зерттеуге 
негізделген. Бұл зерттеулер адамдардың ақпаратты түрліше өңдейтінін көрсетті. 
Біз жаңа дағдылар мен білімдерді игергенде бұл үш желі бір-бірімен өзара 
байланысқа түсіп, біз зерделейтін ақпаратты тануға, түсінуге, меңгеруге, 
салыстыруға мүмкіндік береді.
UDL 9 ұсынымнан және 31 «бақылау нүктесінен» тұрады. Олар педагогтің 
сабақта қандай икемді жолдарды құра алатындығы жөнінде нақты түсінік береді 
(2-кесте) [79]. 
2-кесте. Оқытудың әмбебап дизайны қағидаттарының негізгі ұсынымдары 
Білім алушыларға оқу 
материалын ұсынудың 
әртүрлі формалары 
Білім алушылардың 
меңгерген оқу 
материалдарын 
ұсынуының әртүрлі 
формалары 
Білім алушыларды оқу 
процесіне тартудың 
әртүрлі тәсілдері 
1. 
Түсіну үшін 
таңдауды қамтамасыз 
етіңіз: 
1.1 
Ақпаратты 
берудің 
жекешелендірудің 
жолдарын ұсыныңыз 
1.2 Аудио ақпарат 
үшін балама ұсыныңыз 
(аудиал білім алушылар 
үшін) 
1.3 
Визуалды 
ақпарат үшін балама 
ұсыныңыз (визуал білім 
алушылар үшін) 
4. 
Физикалық 
әрекеттер 
үшін 
таңдауды қамтамасыз 
етіңіз: 
4.1. Жауаптар мен 
бағыттаушы 
жауаптардың 
әртүрлі 
әдістерін пайдалыңыз 
4.2. Құралдар мен 
альтернативті 
технологияларға 
қолжетімділікті 
қамтамасыз етіңіз
7. Білім алушының 
қызығушылығын 
қолдау үшін таңдауды 
қамтамасыз етіңіз: 
7.1 Жеке таңдау 
мен өз ойын еркін 
білдіруді 
қамтамасыз 
етіңіз 
7.2 
Өзектілік, 
құндылық, сенімділікті 
қамтамасыз етіңіз
7.3 Қауіптер мен 
алаңдатын 
сәттерді 
болдырмауға 
тырысыңыз 
2. Математикалық 
өрнектер, 
символдар 
үшін тілді таңдауды 
қамтамасыз етіңіз: 
2.1 Сөздіктер мен 
символдарды 
нақтылаңыз 
5. Өз түсінгенін 
жеткізу 
мен 
коммуникацияға түсу 
үшін 
таңдауды 
қамтамасыз етіңіз: 
5.1 
Коммуникацияға 
8. Білім алушыны 
қолдау үшін таңдауды 
қамтамасыз етіңіз
8.1 Мақсаттар мен 
міндеттердің 
маңыздылығын 
арттырыңыз 


86 
2.2 Синтаксис пен 
құрылымды 
нақтылаңыз 
2.3 
Мәтіннің, 
математикалық 
өрнектердің, 
символдардың 
мағынасын түсіндіріңіз 
2.4 
Тілдерді 
пайдалану 
негізінде 
түсінуін қолдаңыз 
2.5 
Ақпараттың 
әртүрлі 
құралдары 
арқылы 
көрнекілікті 
қамтамасыз етіңіз 
қажетті 
әртүрлі 
құралдарды 
пайдаланыңыз 
5.2 
құрылымдар 
мен композицияларды 
құру 
үшін 
әртүрлі 
құралдарды 
қолданыңыз
5.3 
Шапшаң 
сөйлеуді дамытыңыз
8.2 Қиындықтарды 
оңтайландыру 
үшін 
әртүрлі талаптар мен 
ресурстарды 
пайдаланыңыз 
8.3 Коллаборация 
және ұжымды құруға 
ықпал етіңіз
8.4 Сапалы кері 
байланысты 
пайдаланыңыз 
3. 
Түсіну үшін 
таңдауды қамтамасыз 
етіңіз: 
3.1 Негізгі тілді 
белсендеріңіз 
немесе 
пайдаланыңыз 
3.2 
Үлгілерді, 
негізгі ерекшеліктерді, 
бастапқы идеялар мен 
байланыстарды 
белгілеңіз 
3.3 
Ақпарат, 
визуализация, 
өңдеу 
процесін басқарыңыз
3.4 
Ақпаратты 
жалпылауды және басқа 
ақпаратқа 
ауысуды 
қамтамасыз етіңіз 
6. Функцияларды 
пайдалану 
үшін 
таңдауды қамтамасыз 
етіңіз 
6.1. Сәйкес келетін 
мақсаттарды 
басшылыққа алыңыз
6.2. Жоспарлау мен 
стратегиялық дамулы 
қолдаңыз 
6.3 Ақпараттар мен 
ресурстарды басқаруды 
ынталандырыңыз 
6.4. 
Мониторингілеу 
процесіне қабілеттілікті 
арттырыңыз 
9. Өзін-өзі реттеу 
үшін 
таңдауды 
қамтамасыз етіңіз
9.1 
Білім 
алушылардың 
мотивациясын 
ынталандыратын 
олардан күтілетін үмітті 
ынталандырыңыз
9.2 Қиындықтарды 
еңсерудегі 
жеке 
дағдылардың дамуына 
ықпал етіңіз
9.3 
Өзін-өзі 
бағалауы 
мен 
рефлексиясын 
дамытыңыз 
Қолданбалы арнайы технологиялар орталығы (CAST) қорытындыларына 
сәйкес, оқыту ортасының барлық аспектілерін 
білім алушы сыныпқа кіргенге 
дейін
зерделеп алу қажет. Мұндайда әрбір білім алушының табысты білім алуы 
үшін UDL құрылымын пайдалану негізінде оқыту ортасын алдын ала жобалау 
қажет (3-кесте) [80].


87 
3-кесте. Дәстүрлі және әмбебап дизайн негізінде оқытудың ерекшеліктері 
Дәстүрлі оқыту 
Оқытудың әмбебап дизайны 
Педагогтер контентті әдетте бір 
тәсілмен ұсынады
Педагогтер контентті бірнеше 
әдіспен ұсынады 
Білім алушылар – бұл ақпаратты 
есте сақтау, тәжірибе жасау және 
тест тапсыру арқылы есте сақтайтын 
пассивті білім алушылар 
Білім 
алушылар 
– 
бұл 
материалды зерделеуге қатысатын 
және оны жақсы түсіну үшін 
талдайтын оқу процесінің белсенді 
қатысушылары 
Оқу ортасы білім алушыларды 
бір тапсырманы байсалды орындауға 
мүмкіндік береді 
Оқу ортасы контентті жеке 
мүдделері, артықшылықтары немесе 
қабілеттері 
негізінде 
зерделеуін 
ынталандырады
Біілм алушылардың дағдылары 
мен білімдері бір әдіспен бағаланады 
Білім 
алушыларға 
контент 
бойынша дағдылары мен білімдерін 
бірнеше әдістің бірімен көрсетуге 
рұқсат беріледі 
CAST сондай-ақ UDL-ды пайдалану бойынша 5 әдістемелік ұсынымды 
ұсынады 
1. Мақсатқа сәйкес келетін кеңістікті құрыңыз 
Бірінші кезекте оқу мақсатын анықтаңыз. Содан кейін физикалық кеңістікті 
іс-әрекеттің әртүрлі түрі негізінде мақсатқа сәйкес пайдалану үшін қалай 
өзгертуге болатындығы жөнінде ойланыңыз. Мысалы, серіктестікте жұмыс істеу 
мақсаттың бір бөлігі болатын жағдайда үстел, орындық және басқа да заттарды 
қалай дұрыс орналастырған жөн? Білім алушылардың тұтас сынып болып немесе 
жеке-жеке жұмыс істеуі мақсат етілсе, кеңістікті басқаша ұйымдастыру қажет 
болады. Сабақты ұйымдастыру үшін оқу мақсатын анықтап, жұмыс кеңістігін, 
оның ішінде үстел-орындықтардың, жұмыс орнын қалай дұрыс орналастыру 
қажеттігі жөнінде ойланыңыз.
Өзіңізден сұраңыз


оқу мақсаттарына сәйкес келуі үшін сыныптағы конфигурация 
қаншалықты икемді? 

оқу кеңістігінде
 
өзекті материалдарды немесе ресурстарды қаншалықты 
қолжетімді ете аламын?
 
2. Баршаға қолжетімді ресурстар түрін ұсыныңыз 
Ресурстардың әртүрлі түрлері білім алушылар қажеттілігіне қарай 
пайдалануы мүмкін көмекші құралдарды ұсынады. Мысалы, сөздіктер, 
тезаурустар, калькуляторлар, жазуға арналған құралдар, графикалық 
органайзерлер, сызықты қағаздар немесе түрлі-түсті қағаз. Бұл жарығы 
бәсеңдетілген, құлаққаптары және ыңғайлы креслолары бар тыныш орын болуы 
мүмкін. Сіз өзіңіздің ескі заттарыңызды жаңаша пайдалана аласыз. Мысалы, ескі 


88 
диапроекторды әр күні негізгі идеялардың жинағын бейнелеу үшін пайдалана 
аласыз. Бұл ресурс білім алушылар өз түсінгенін қолдау үшін таңдай алатын 
жұмыс кеңістігі болып қалуы мүмкін.
Өзіңізден сұраңыз

- білім алушылар құралдарды, материалдарды және ресурстарды пайдалана 
алатын оқу ортасы кеңістігін қалай құра аламын? 
- бұл ресурстарды оқыту процесінде пайдалану бойынша білім 
алушылармен қалай ойластырамын?
3. Цифрлық ресурстар мен материалдарды біріктіріңіз 
Цифрлық ресурстар дәстүрлі баспа материалдарында жоқ икемділікті 
ұсынады. Цифрлық мәтін кейбір білім алушылар үшін маңызды, бірақ барлық 
білім алушылар қажет болмауы мүмкін функцияларды қамтуы ықтимал. 
Мысалы: 
- мәтінді сөзге айналдыру құралдары көмегімен дауыстап айту мүмкіндігі; 
- контентті бейнелеу икемділігі (түс, контраст, өлшем); 
- шынайы уақыт режимінде ескертпелерді құру, сөздіктер, қолдаудың 
кіріктірілген құралдары;
- ашық және жабық титрлер; 
- видео үшін аудио сипаттамалар; 
- суреттерді сипаттау.
Өзіңізден сұраңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет