Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


- өз ресурстарым мен материалдарым үшін цифрлық опциялар  қолжетімділігін қаншалықты кеңейте аламын?



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
инкл каз

-
өз ресурстарым мен материалдарым үшін цифрлық опциялар 
қолжетімділігін қаншалықты кеңейте аламын?
 
-
барлық білім алушыларға қолжетімді ресурстар мен материалдарды қалай 
ұсына аламын?
 
4. Оқу ортасындағы оқу процестерін белгілеңіз 
Жиі, қалыптастырушы кері байланыс оқыту үшін өте маңызды. Оқу ортасы 
оқу процесін ұйымдастыру үшін қызмет етеді, шекті мақсат болып есептелмейді.
Жобаның әртүрлі кезеңдерін жариялау білім алушыларға соңғы өнімге қол 
жеткізу процесінің құндылығын көруге көмектеседі.
Өзіңізден сұраңыз:
- сыныбымның оқу ортасында оқу процесі қалай қолжетімді және көрнекі 
болады? 
- білім алушыларды өз оқу процесімен бөлісуге түрткі болу үшін қандай 
икемді тәсілдерді қолданған жөн? 
5. Оқу процесінде мақсаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етіңіз 
Мақсат түсінікті және қолжетімді болған жағдайда педагогтер мен білім 
алушылар оқу ортасының тең мүмкіндіктерін пайдалана алады және қолжетімді 
варианттарды саналы таңдай алады.
Сіздер білім алушыларға оқу процесінде мақсатқа қол жеткізудің кем 
дегенде екі тәсілін ұсына аласыз. Мысалы, сіз мақсатты ауызша құрып, жазып, 
оны топта талқылап, барлық үлестірмелі материалдарда белгілеп көрсете аласыз. 
Оқу ортасында мақсаттардың болуы білім алушылардың оған жиі сілтеме 


89 
жасауы және оған қол жеткізуді мақсатқа бағытталып жұмыс істеуі 
ықтималдығын арттыра аласыз.
Өзіңізден сұраңыз:
- өз сыныбымның ортасына оқу мақсаттарын қалай ұсынамын? 
- білім алушыларды оқу мақсатына жүгінуін қалай ынталандыра аламын? 
[81] 
Нақты құрылымдалған мақсатты әзірлеу – барлық білім алушыларға 
қолжетімді стандарттар негізінде сабақты ұйымдастырудың алғашқы қадамы. 
«Стандарттар негізінде сабақтарды дайындауда оқытудың әмбебап дизайнын 
қолдану» мақаласында авторлар К. Рао және Г. Мео сабақты жоспарлауда 
оқытудың 
әмбебап 
дизайнын 
пайдалана 
отырып, 
оқу 
мақсатына 
қолжетімділіктің икемді жолдарын енгізіп, педагогтер оқу жоспарында болуы 
ықтимал кедергілерді азайтып, барлық білім алушылардың жоғары 
стандарттарға қолжетімділігіне мүмкіндік беретін ықтималдықтарды кеңейте 
алады.
Нақты мақсаттарды анықтау процесінде педагогтер білім алушылардың 
мақсаттарға қол жеткізуінде орын алуы мүмкін ықтимал кедергілерді ескеруі 
тиіс. Сол себепті өз әдістеріне, материалдарына және бағалау құралдарына 
икемді нұсқаларды қоса алады. Осылай білім алушылардың жаңа дағдылар мен 
түсініктерді игеруінде қолдай алады (2-сурет).
2-сурет. Сабақтың негізгі құрамдастары
Академиялық стандарттар көбінесе білім алушылардың өз білімдерін қалай 
білдіру керектігін анықтайтын ұғымдарды қамтиды. Мысалы, «әңгіменің 
сипаттаушы бөлігін жазу». Педагогтер білім алушылардың қажеттіліктері мен 
сабақтың міндеттерін ескере отырып, стандарт негізінде мақсаттарды әзірлеу 
үшін кәсіби пайымдауды қолдана алады. Бір педагог стандартты сөзбе-сөз 
түсіндіруге шешім қабылдауы мүмкін және мақсатты білім алушыларға 
«әңгіменің сипаттаушы бөлігін жазу» деп түсіндіруі мүмкін. Басқа педагог білім 
алушыларға мақсат қоюдағы нақты форматты анықтамай, әңгімелер құруды 
үйрену деп шешуі мүмкін. Бұл педагог білім алушыларға әртүрлі форматтағы 
баяндауды дамытудың нұсқаларын ұсына алады (мысалы, ауызша түсінгенін 
баяндау, мультимедиялық презентация, жазбаша форма). 
Педагог 
мақсатты 
білім 
алушылар 
жазбаша, 
ауызша 
немесе 
мультимедиялық форматта әңгіме құрай алады деп белгілеуі мүмкін. Мұндайда 
мақсат академиялық стандартпен де байланысады және осы сабақ үшін қалай 
өзгертілгені көрсетіледі. Басқа бір педагог ең шекті мақсат стандартта 
белгіленгендей білім алушылардың әңгіме жаза білуі деп шешуі мүмкін. 
Мұндайда бірақ білім алушыларға оқу процесінде өз білімдерін білдірудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет