106
әзірлеу құралдары қолжетімділікті тексерудің кіріктірілген құралдарынан
тұратынын білеміз. Яғни контенттің қолжетімділіктің негізгі талаптарына сәйкес
келетіндігіне куә бола аламыз. Және біз қолжетімділікті тексеру бойынша
мамандардың да кейде қателесетінін, және контент қолжетімділігін тексерудің
жоғарғы көрсеткіші – оның білім алушыларға мақсатқа жетуге қаншалықты
жақсы көмектесетіні екендігін білеміз [91].
Оқу тәжірибесін дербестендіру
Сұранысқа сәйкес мәтінді ауызша оқу секілді технологиялық функциялар
немесе қолдаудың басқа да бапталатын құралдары білім алушыларға өздерінің
оқу тәжірибесін бірегей қажеттіліктері мен артықшылықтарына байланысты
дербестендіруге мүмкіндік береді.
Ақпаратты өңдеуді баптай отырып, веб-парақтағы, электрондық
кітаптардағы және өзге цифрлық контенттердегі ақпаратты оқу үшін білім
алушыларға қажетті әрекеттерді азайтуға болады. Нәтижесінде білім алушылар
өз күш-жігерлерін мәтін мазмұнын түсінуге толыққанды аудара алады.
Ақпаратты бейнелеуді баптау
Ақпаратты бейнелеуді баптаудың көптеген нұсқаларын зерделеуді веб-
браузерден бастаған жөн. Оны білім алушылар Интернеттегі ақпаратқа
қолжетімділік үшін пайдалана алады. Көптеген браузерлер бүгінгі күні оқу
режимін алаңдатушы факторларды жою үшін және веб-парақшаның сыртқы
формасын баптау үшін қосады:
Apple Safari
браузерінде оқу режимі
Safari Reader
деп аталады. Safari
Reader-ді
активациялау парақшаның аз күрделенген, жарнамасыз, сайтқа
навигациясы жоқ нұсқасын көрсетеді. Себебі аталған қиындықтар кейбір білім
алушыларды алаңдатуы мүмкін.
Safari Reader
сондай-ақ парақшаның сыртқы
жағын баптау үшін (мәтіннің фоны мен түсін өзгерту), сондай-ақ мәтіннің
өлшемін өзгерту үшін кейбір параметрлерді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: