Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


 Мәтін және фон үшін жоғары контрастты түстерді пайдаланыңыз



Pdf көрінісі
бет32/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
инкл каз

5. Мәтін және фон үшін жоғары контрастты түстерді пайдаланыңыз
Оқу материалына фон немесе шрифт таңдаған кезде әдетте біз мектеп 
логотипі фоны мен шрифтін немесе өзімізге ұнаған түстерді таңдауға болады 
деген пікір болған. Ендігіде біз шрифт мен түс арасында контраст жеткіліксіз 
болған жағдайда бұл көру қабілеті зақымдалған білім алушылар үшін кедергі 
тудыру мүмкіндігін білеміз. Сол себепті біздер түстердің жоғары контрастты 
комбинацияларын пайдаланамыз (яғни ақшыл фонға күңгірт түсті шрифт). Оқу 
материалдары сол себепті, әсіресе, жарық жерде, әртүрлі құрылғыларда анық 
көрінеді.
6. Ерекшеліктерді көрсету үшін түс пен стильмен шектелмей, басқа да 
құралдарды пайдаланыңыз 
 
Оқу материалдарында маңызды тұстарды және негізгі идеяларды ерекшелеу 
үшін түс пен стильді (қалың немесе көлбеу қаріп) пайдалану жеткілікті деген 
пікір бар. Ендігіде біз мазмұнды беру үшін визуалды стильдің жеткіліксіз 
екендігін, мәтінге акцент түсірудің маңыздылығын білеміз. Мәтінге акцент 
түсіру (мысалы, «ескерту» немесе «маңызды») – маңызды ақпаратқа қол 
жеткізудің ең жақсы тәсілі. Контентті ерекшелеу үшін түс пен стильден тәуелсіз 
болу көптеген білім алушыларға контенттегі басты идеяны табуға көмектесті.
7. Сипаттамалы гиперсілтемелерді пайдаланыңыз 
Осыған дейін «осы жерді басыңыз» гиперсілтемесін пайдалану ыңғайлы 
болып есептелді. Ендігіде біз осы және өзге де сипаттауға келмейтін сілтемелер 
экраннан оқу бағдарламаларын пайдаланушылар үшін кедергі тудыратынын 
білеміз. Бір ресурсты табу үшін бір құжатта бірнеше гиперсілтемеден өту қажет 
болуы мүмкін. Сол себепті сипаттамалы сілтемелерді пайдаланған жөн (мысалы, 
«Жоба бойынша нұсқаулық»). Сипаттамалы сілтемелер гиперсілтемесі бар 
ақпаратты өз контентіне көшіргенді ұнататын білім алушылардың тұтынушылық 
функцияларын қолдайды.
8. Түсінікті, қарапайым тілді пайдаланыңыз 
Контентті әзірлеушіге түсінікті тіл пайдаланушыға да түсінікте деген пікір 
болды. Ендігіде біз қарапайым тіл күрделі лексика мен сөйлемдердің күрделі 
құрылымына қарағанда қолжетімдірек екендігін білеміз. Және қарапайым тіл 
көптеген білім алушыларға (мысалы, тілді енді үйреніп жатқандарға немесе 
эмоциялық-ерік-жігер бұзылыстары бар білім алушыларға) концепциялар мен 
нұсқаулықтарды тереңірек және толыққанды түсінуі үшін көмектесетінін 
білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет