Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


Сипаттамалы метадеректерді ұсыныңыз



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Сипаттамалы метадеректерді ұсыныңыз 
Метадеректер – басқа деректер жөнінде мәлімет немесе ақпарат. 
Шығарманың авторы және шығарманың аты метадеректер үлгісі болып 
табылады. Сипаттамалы метадеректер контентіңіздің индексикациясын 
жеңілдетіп қана қоймайды, қосалқы технологияларды пайдаланушылар үшін 
ыңғайлылығын арттырады. Мысалы, құжаттың атауы. Сипаттамалы тақырып 
экраннан оқу бағдарламасын пайдаланушы үшін оның қажетті құжатты 
орналасуын анықтау үшін көмектеседі.
Қолжетімділікті тексеріңіз
Қолжетімділікті тексерудің жақсы құралдарының өзі қолжетімділіктің 
көптеген түрлеріне байланысты субъективті сипатта болуына орай шектеулерге 
ие. Мысалы, автоматты тексеру суретте балама мәтіннің болуын анықтай алады, 
бірақ балама мәтіннің суреттің мазмұнын нақты сипаттауын көрсетпейді. Бұл 
шектеулерге қарамастан, қолжетімділікті тексеру қолжетімділіктің кең таралған 
қиындықтарын анықтауға көмектеседі.
Адамдармен қолжетімділікті тестілеңіз
Контентіңіздің сенімділігін тексеру үшін білім алушыларыңыз оқыту үшін 
пайдаланатын құрылғылардың бірінен оған қолжетімділікті тексеруіңіз керек. 
бұл сізге контентті көрсетумен және оны пайдалану ыңғайлылығымен 
байланысты мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Компьютерде тінтуір мен 
пернетақтаны пайдалану негізінде жақсы жұмыс істейтін мазмұн планшетте 
сенсорлық ыммен пайдалануда қиындықтар тудыруы мүмкін. Жақсы 
нәтижелерге қол жеткізу үшін қосалқы технологияларды пайдаланатын білім 
алушыларыңыздан сіздің контентті қосып көруін және қолжетімділікке 
байланысты қандай да бір қиындықтар жөнінде хабарлауын сұрауыңызға 
болады. Бұл ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сіздің контент 
қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін тексеру үшін қажет.
Дәл осылай білім алушыларыңызға оқытуға немесе бағалауға толық қатыса 
алмай қалған жағдайларда олардың уақытында хабарлауын күтетіндігіңіз 
жөнінде айтуыңыз керек. Бұл олар кезігетін қолжетімділікке байланысты кез 


104 
келген кедергілерге байланысты хабарламаларды қамтуы мүмкін. Білім 
алушыларға мұның олардың сабаққа толыққанды қатысуын тиімді қолдау үшін 
қажетті ақпарат екендігін түсіндіріңіз. Сіз бұл ақпаратты сабақтың алғашқы күні 
хабарласаңыз болады, сондай-ақ курс бағдарламасына немесе веб-сайтқа 
хабарландыру-ескерту ретінде қосып қоюыңызға болады.
Қолжетімділік жалпы жауапкершілікте. Білім алушылардың кері 
байланысына қосымша ретінде арнайы мүмкіндіктерді базалық тестілеуді 
орындау үшін белгілі құрылғылардың кейбір арнайы мүмкіндіктерін қалай 
пайдалануға болатындығы жөнінде біле аласыз. Сіз сондай-ақ бұл ақпаратпен өз 
мектебіңіздің өзге қызметкерлерімен (оқу құралдарын әзірлеушілер, ақпараттық 
технологиялар бойынша мамандар және басқа да педагогтер) бөлісе аласыз. Бұл 
жалпы контент шеңберінен тыс өзгерістер мен қолжетімділік жөнінде білетін 
адамдар санын арттырады [90]. 
Оқыту барысында педагогтер оқытуды ынталандыратын әртүрлі 
материалдарды қолдана алады. Төменде қолжетімді оқу материалдары бойынша 
Қолданбалы арнайы технологиялар орталығының (CAST) ұсынымдары 
келтірілген [91]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет