109
барлығы үшін қиынға соғуы мүмкін. Бірақ қазіргі кезде көптеген құрылғыларда
сөздерді теру және жазу секілді кіріктірілген опциялардың бар. Бастапқыда
ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың
компьютерді пайдалануын
жеңілдету мақсатында құрылған функциялар барлық адамдар үшін пайдалы
болуда.
-
тексеру
Сөздерді болжау уақытты және мәтінді енгізудегі күшті үнемдеуге
мүмкіндік береді. Сөздің алғашқы әріптерін терген соң сөздерді болжау
функциясы сізге контекстке қарай керек нұсқаны таңдау үшін сөздің немесе сөз
тіркесінің бірнеше нұсқасын ұсынады. Бұл, әдетте, жазуда қиналатындар үшін
пайдалы функция.
Айту бойынша жазу мәтінді жазбаша түсіруге мүмкіндік береді. Сіз тыныс
белгілерін
атай аласыз, сондай-ақ форматтаудың кейбір негізгі командаларын
пайдалана аласыз. Сөздердің дұрыс жазылуы дыбыстың сапасына және сіздің
қаншалықты дұрыс дыбыстайтыныңызға байланысты болады. Қалаған нәтижеге
жету үшін сыртқы микрофонды пайдаланыңыз. Айту бойынша жазу функциясы
кіріктірілген опция ретінде барлық негізгі операциялық жүйелерде қолжетімді.
Көптеген жағдайларда сіз оны батырмалардың арнайы үйлесімі
негізінде
баптаулар жүйесінде іске қоса аласыз. Бұл опция сонымен қатар Google құжатта
«Voice typing» ретінде қолжетімді. Chrome веб-браузері арқылы Google құжатты
ашқан жағдайда пайдалануға болады. Ол Құралдар бөлімінде орналасқан.
- редакциялау
Редакциялау (немесе тексеру) жұмысты сіз бөліскіңіз немесе жариялағыңыз
келетін жетілдірілген нұсқада дайындаудан тұрады. Бұл қадамның үлкен бөлігі
жазу механикасынан тұрады: осыған дейін қалып қойған кез келген
орфографиялық және грамматикалық қателерді тексеру, қайталауды болдырмау
үшін кейбір сөздерді синонимдермен ауыстыру, жұмыстың стандарттарға сәйкес
келетініне көз жеткізу үшін дәйексөздерді тексеру. Бұл құралдар сіздің
жұмысыңызды редакциялауға көмектеседі.
Орфография және грамматиканы тексеру құралдары сізді қателер жөнінде
ескертуі мүмкін. Содан кейін сіз
белгіленген элементті таңдап, кейбір
ұсынымдарды қабылдасаңыз болады: жазылуында немесе грамматикада кеткен
қате болуы мүмкін. Microsoft Office-тің жаңартылған нұсқалары орфография
және
грамматикамен қатар, жасанды интеллект негізіндегі редактордың
заманауи функцияларын қамтиды (мысалы, нақтылық, ресмилік).
Сөздіктер бейтаныс сөздерді іздеуге немесе дәл сол сөйлемге сәйкес келетін
балама сөздерді табуға мүмкіндік береді. Сөздік қолжетімді болса, сіз оны ашып,
қажетті сөзді таңдайсыз, контекстік мәзірді ашасыз. Мысалы, iPad-та сөзді екі
рет бассаңыз, оны ерекшелеп, пайда болған мәзірде «іздеу» функциясын таңдап,
оның анықтамасымен таныса аласыз [93].
Достарыңызбен бөлісу: