110
түсініктілікті қамтамасыз ете отыра, математикалық
белгілерді дәлме-дәл
интерпретациялай алуда. Құралдардың көбі математикалық белгілерді құрудың
бірнеше нұсқасын ұсынады: сіз оларды баса аласыз,
айта аласыз және сурет
сияқты сала да аласыз. Осы опциялардың негізінде білім алушыларыңыз
математиканы меңгеруде жетістіктерге жете алады.
Microsoft OneNote
Microsoft қосымшасына OneNote және
Word секілді кіріктірілген
иммерсивті оқу
функцияларын пайдалану негізінде математикалық белгілерді
ауызша дыбыстатуға болады. Windows 10-ға арналған Microsoft OneNote және
OneNote Online математика бойынша көмекшіге ие.
OneNote сурет салу
құралдарын математикалық белгілерді қолдан жазу үшін пайдаланыңыз.
Қолжазба «Математиканы» таңдау негізінде қолжазба мәтінді мәтінге
айналдырыңыз.
Қолжетімді видео негізінде оқыту
Видео – бұл біздің көпшілігіміз көңіл көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар
ақпаратты зерттеп, оған қол жеткізу үшін пайдаланатын құрал. Видео сонымен
қатар қуатты камералары бар мобильді құрылғылары
бар көптеген білім
алушылар үшін байланыс пен өзін-өзі көрсетудің маңызды әдісі болып
табылады.
Қазіргі жастардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін оқу
процесінде әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдаланыңыз және
оқытудың әмбебап дизайнының (UDL) барлық үш қағидасын қолдау үшін
видеоны пайдаланыңыз.
Видео білім алушыларды қандай да бір тақырыпқа тартудың,
қызықтырудың қажетті құралы болып табылады. Себебі мұны баспа нұсқа жасай
алмайды.
Видео білім алушыларға ақпаратқа қолжетімділікке ие
болу қиынға
соққанда тағы бір нұсқаны ұсынады және оны баспа көмегімен
интерпретациялайды.
Видеоны жасау білім алушыларға өздерінің түсінгендерін көрсету үшін
қосымша мүмкіндік береді, шығармашылық тұрғыда шыңдайды және өзектілігі
мен сенімділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: