ғана емес, сонымен қатар, ақылдың алғырлығын, тапқырлығын, тілдің шешендігін қажет етеді. Онсыз көп алдында сөз бастау, қиын жағдайда сөз табу оңай емес. Оның үстіне тапқыр ойлал, ше- шен, көркем сөйлеу - ойлаудың тереңдігі мен кеқцігіне, қиялдың шығармашылық қызметінің байлығына тәуелді. Мэселен, «Бай мен жалшыда»: «Бай жалшыны сынайын деп тақиясын алып, басын си- папты. Сөйтсе жалшы оған қарап тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны: «Басқа пэле неден?» деп сұраған екен. Оған жалшының тілін көрсеткені: «Басқа пәле тілден» дегені екен. Бай: - Таппадың, жалшым, басқа пэле ағайын мен туыстан болады, - дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып: - Жоқ, байеке, өйтіп былшылдамаңыз, - деп қалады. Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында ілулі тұрған сегіз өрме бұзау тісті қамшысына қарай ұмтыла береді. Жалшы: - Сабыр, сабыр, байеке, айтпап па едім «Басқа пэле тілден» деп, енді түсінген боларсыз, - дейді. Сөзден жеңілген бай белге
16 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
ұрған жыландай сылқ етіп отыра кетіпті» (Сөз тапқанға қолқа жоқ. 1988, 37 б.). Қазақ мәдениетінде, руханиятында үлкен орын алатын ха- лықтық мұраның бір саласы - шешендік өнер. Қазақтың шешен- дік өнері - сөз өнерінің басты бір саласы. Ш ешендік өнер - қазақ халқының ұлттық менталитетінің жоғалмайтын, өшпейтін, ұрпақтан-ұрпакка жалғаса беретін бір қыры. Ол сөз өнерінің белгілі бір саласы болғанымен, онда халықтың дәстүрлі мәдениеті, байырғы дүниетанымы, эстетикалық көзқарасы, көркемдік ой- лау ж үйесі тұтас көрініс тапқан. Сондықтан да, казак шешендік