- Балам, жай тоқтадың ба? - деді. - Бағанағы бір сөзді біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - дейді бала. - Пэлі, балам, сөздің қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған оның мәнісін айтайын: жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы к есір - ұйқышыл болу, кенже кесір - кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде оңбайды», - депті. Қаражігіт би Төле бидің айтқан ақыл-кеңесіне дэн риза болып, шын ықыласымен ел-жұртын еңбек етуге шақырыпты (Егемен Қазақстан. - 1997. - 24 желтоқсан. С. Дәуітұлы, Данышпан). Кезінде сенімді серігі болған Қойгелді батырды Төле би мұны бір сынайыншы деп: «Қойгелдім, адам қайтсе адам болады?», - дейді. Сонда өзін сынап отырғанын сезген Қойгелді мүдірмейді: «Меніңше, Төке, дүниеге жоқтан бар болып келген соң адам баласы тәрбиемен адам болады. Тэртіпті, тэрбиелі бала жаманшылықтан аулақ жүреді. Ал, тәрбиесіз бала тәртіпсіздікке, жаман іске үйір келеді, соған бейімделеді. Бала тәрбиенің жоқтығынан бұзылады», - дейді (Төле би мен Қойгелді батыр. 1992. 10 б.). Тағы бірде: - ¥ятты қалай түсінесің? - деген сауалға Қойгелді батыр: «Меніңше ұят дегеніміз - сенім, тэрбие», - деп ұтымды жа- уап берген екен (Төле би мен Қойгелді батыр. 1992. 12 б.). Қазақ шешендерінің кісілік кемелдік, адамгершілік тұрғы тура- лы ізденістері олардың өмір сүрген дэуірінің, заманының мэдени- элеуметтік, рухани болмысына, эстетикалық, этикалық тұрғысына сай жүзеге асқан. Бұл ізденістер өте күрделі эрі тұтас арнаға ұласып жататын нақты іс-әрекеттерден, кісінің мінез-құлқын белгілейтін өзекті қағидалар жүйесінен бастау алады. Торайғыр бидің сөзінде де кісілік тағылым маңызды сипаты- мен ерекшеленеді: Қара жерді жамандама -
Кіретұғын ініңді.
Қауым жұртты жамандама -
Көп табады мініңді.
Білгендерді жамандама -
Басшы болар піріңці.
Өзің білмесең,
Білгендерден үйрен,
Қырымнан іздеп барсаң да,
Жалғыз ауыз білімді.