P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Әділ билік айту үшін бидің әлеуметтік белсеңділігі мен



Pdf көрінісі
бет27/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

Әділ билік айту үшін бидің әлеуметтік белсеңділігі мен
құқықтық турашылдығы, сөзінің ақтығы аса маңызды. Ел-жұртқа
бірдей тэртіп, әдеп пен әдет, заң өлшемдеріне қайшы келген эрбір
іс-эрекетке қарсы шығып, мұндай эрекет иесін шешендік белгілі сөз
арқылы жедел жауапқа тартып, айыпқа жығу, сөйтіп эділдіктің сал-
танат құратынына халықтың көзін жеткізу нәтижесінде ғана бидің
элеуметтік белсенділігі нақты түрде көрініс таба алады. «Тура биде
туған жоқ, турасыз биде иман жок» деген қанатты сөз тура билік
жасаудың ел үшін маңызы мен мэнін танытумен бірге тура бидің
азаматтық, қоғамдық келбетін де анық сипаттайды. Тура билік ай-
тушы бидің ұлттық салт-сана, халықтың адамгершілік түпкі ны-
санасы саласындағы көл-көсір білімі, азаматтық-кұқықтық биік
тұрғысы ерекше маңызды. Терең білім, азаматтық биік тұрғы, берік
сенім, шешендік шеберлік бидің билік шешімінде оның халық, ел
алдындағы жауапкершілік сезімімен тікелей байланысты. Осын-
дай жағдайда ғана бидің билік сөзінің мазмұны мен көркемдік мэні
жоғары сапаға иеленеді.
Егемендікке қол жеткізгеннен соң тэуелсіз мемлекеттер
өздерінің ұлттық ой-сана, салт-дэстүрлерімен қоса, жалпы
мәдени, рухани дүниелеріне зер сала бастады. Қазіргі кезде ұлттық
жэне жалпы адамзаттық рухани байлықтарды тиімді үйлестіру,
жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелеу қажеттілігі туып отыр.
Мұның өзі өркениеттіліктің тіке жолына түсуге мүмкіндік беру-
мен қатар, біздің қоғамдық-әлеуметтік жэне рухани өміріміздегі
ерекшеліктерді игеруге жағдай жасайды. Осы тұста белгілі тарих-
шы Л. Гумилевтің: «Өз тарихын білмейінше жэне оған белгілі бір
қөзқараста болмайынша, ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін
емес», - деген пікірін қолдауымызға эбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет