бар. Мэселен, нанды теппе, тұзды баспа, жасы үлкеннің алдын кес- пе, малды басқа үрма, бос бесікті тербетпе, үйде отырып ысқырма т.с.с.тыю заңцылықтары мәдениетімізді, инабаттылығымызды сақтауға қызмет етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Аллаһ тағалаға қарсы болудан сақтаныңыз, балаларыңызға эділдік көрсетіп түсіндіріңіз», - деген (Ислам әлемі. - №6. - 2003. Баланы жас- тан...). Сондай-ақ, «Нәби (с.ғ.с.): «Қиямет күні таразыда көркем мінезден ауыр нәрсе болмайды», - деді. Хадисті Ә бу Дарда (р.а.) риуаят етті. Расулуллаһқа (с.ғ.с.) біреу жамандық істесе, Ол (с.ғ.с.) кек алудың орнына ол адамды кешіріп, Аллаһ тағаладан оны дүрыс жолға бастауын тілеп, жақсылық сұрайтын. Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы эрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы - жоғары. Егер қоғамда эдепсіздік етек алса, жақсылық атаулының сағы сынады. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар, қоғам, отбасы, мектеп эсер етеді. Сондықтан, адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс- тұрысынан, басқалармен карым-қатынасынан көрінеді. Әдептілік сенімдері мен өлшемдері кісіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйытқысы эрі мәйегі болып табылады.
26 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
Жазушы Әбіш Кекілбаев: «Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін ерлік керек, жалпақ әлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек», - деп жазады. Мүның мэнісі - руха- ни ерлігіміз өрлене түссін деген тілеу, сол биіктерге шақыру. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мүрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сана-