38.Л.Фейербахтыңантропологизмі. Людвиг Фейербах (1804 - 1872 жж.) —
неміс
классикалық
философиясының соңғы өкілі. И.Канттан бастап Гегельге дейін неміс
философиясының өкілдері идеалистік бағыт ұстағанын жоғарыда
байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж.
Гейдельберг университетінің теология (дін зерттеу) факультетіне оқуға
түседі. Бірақ тез арада ондағы дәріске қанағаттанбай, Берлин
университетіне ауысып, Гегельдің лекцияларыи тыңдайды. 1828 ж
Эрланген университетінде диссертация қорғап, содан кейін осы оқу
орнында приват
-
доценттік жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап
Фейербах бірте
-
бірте гегельдік көзқарастан ауытқып, материалистік
бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нәтижесінде ол анонимді (өз
атын атамай) түрде 1830 ж. «Өлім және өлместік жөніндегі ойлар» деген
еңбегін жарыққа шығарып, онда жанның өлместігі жөніндегі діни қағидаға
қарсы шығады. Ол кітап дереу тәркіленіп, Фейербах жұмыстан қуылады.
Жұмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян отбасынан шыққан
қызға үйленіп, сонымен бірге Брукберг деген ауылдық жерге қоныс
аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмір сүреді. Түске
дейін ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми жұмыстарымен
айналысады.
«Христиандықтың мәні » атты негізгі еңбегі осы жерде
жазылып бітеді. Осы кезден бастап ол үзілді
-
кесілді материалистік
-
атеистік бағытқа көшеді. Өмірінің соңында өте үлкен мұқтаждық көріп,
1872 ж. дүниеден өтеді. Нюрнберг қаласында жерленген. 60 ж. кейін
ізбасарлары оның қабіріне
құлпытас орнатып, оған Фейербахтың өзі
жазған «Адам Құдайды өз бейнесіне ұқсастырып жасады», «Адамды сүйіп,
оған жақсылық жаса» деген сөздерін эпитафия ретінде жазды.