Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия



Pdf көрінісі
бет63/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Философия ответы

 
74.XXI 
ғасырда 
ұлттық 
сана-сезімді 
қалыптастыру 
мәселесі. 
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы.
Қазақ елінің келешекте мемлекет 
болып мәңгі жасауы
, тек ғылыми негізде 
әлемдік өркениеттің тиімді тәжірибесін сараптай отырып пайдалану арқылы 
жаңадан қоғамдық сана қалыптастырғанда ғана мүмкін екенін ұғуымыз керек. 
Біздің жаңа құрып отырған мемлекетіміздегі қоғамдық сана қалыптасу үшін, тек 
мемлекетқұрушы қазақ халқының ұлттық өзіндік сана сезімін ғылыми негізде 
дамытуға 
тікелдей 
байланысты 
екенін 
естен 
шығармау 
қажет. 
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі 
болып 
табылады. Соңғы 
кезде 
Қазақстанның 
этникалық, 
этносаяси 
қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-сезім мен оның өсу проблемасы үлкен 
маңызға ие болып отырғаны белгілі. 
Ұлттық сана
-ұлттар мен ұлыстардың 
рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, 
саяси, экономикалық, эстетикалық, 
философиялық
, діни және өзге де көзқарастар 
жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың 
жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада 
пайда 
болады. 
Демек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының 
өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның 
өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін 
өзіне арқау етіп алады. Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел 
дамумен қатар уақыт ағымына қарай өзгеріп те отырады. Қазақстандықтардың 
ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, 
озық дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің 
дамуына қосқан үлесін, 
этникалық санасьн
, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен 
кезеңі, ұлттық мүдделері туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар 
едік. 
Осылайша, ұлттық сана-сезім бұл адамдар қауымдастығы ретіндегі халықтың 
өзінің өткені мен қазіргісін, даму деңгейін, қоғам прогресіндегі орны мен ролін, 
бостандық дәрежесін, 
адамгершілік келбетін
, мұраттарын сезініп, экономикалық 
өмір, аумақтық байланыстар, мәдениет, тіл, психикалық болмыс арқылы 
ұштасып жататын әлсуметтік іс-қимыл субъектісі ретіндегі өз мәнін танып-
бағалауы болып табылады.
 
 
Құрастырған: Т.М.Садыкова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет