дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін Үнді
мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары. Бірақ ол
өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға
(құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан
айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.
•
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында.
Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны –
варна
,
я болмаса
каста
дейді.
•
Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:
•
Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни
қызметкерлер, ел басқарушылар.
•
Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер.
•
Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар,
негізінен егін егу, мал бағу,
қолөнермен айналысу т.с.с.
•
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
35.Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел
бастамалары (Инь/Ян).
Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа
халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі
жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп
санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы
нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге»
үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас
иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен
гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты
болса керек.
Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда
басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, күні бүгінге дейін
өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени
туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп,
тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында
«кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға
жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда
қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ
жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің
негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп
одан өзінің шығармашылық
қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Көрі дана»
Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт
кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының
тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге
алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол
былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны,
ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао — адамзат
баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып
табылады. Дао — жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние
мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао
ілімінде жеке адамның
адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен
байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни
қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы — Конфуций ілімі болып
саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун — ұстаз. Конфуций
б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар
болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді
өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан
кешірген
Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең
алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін
дұрыс жолға қоюдың басты жолы — ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына,
көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты
жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы,
өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды
мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді
жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида — оның
этикалық-әлеуметтік
бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи
дамуына ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның
айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген
еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз
былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың
ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі
өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций
екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын
жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның
бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен
парыз
сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам — халқын шын
ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз
«цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл,
ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті
бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл
болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.
Даосизм ағымы
Даосизм ағымы
Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин
деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары қV-
қққғ.ғ. жинақтаған.
Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер
сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.
Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе,
екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен
құбылыстар оған бағынышты.
Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті,
өзгермейді, бітімсіз,
танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді,
зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды
білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге
келетіннің терең қақпасы.
Достарыңызбен бөлісу: