Микробиология



Pdf көрінісі
бет169/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Клиникалық белгілері. 
Аурудың жасырын кезеңі 2 кҥннен 14 
кҥнге дейін созылады, ал вирустардың вируленттілігі мен шошқалардың 
бҧл індетке сезімталдылығына қарай бҧл кӛрсеткіштің мерзімі 3 аптаға 
дейін созылуы мҥмкін.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және сирек 
жағдайда аса жіті ағымда ӛтеді.
Аса жіті ағымында
шошқалардың дене қызуы 41ºС-ге дейін 
кӛтеріледі, жҥрек соғуы мен тыныс алуы жиілейді, қҧсады, терісінде 
қызыл дақтар пайда болады, жануарлар тез әлсіреп, 1-2 кҥнде ӛледі. 
Індеттің бҧл тҥрі иммунделмеген жас шошқаларда жиі кездеседі.
Аурудың жіті ағымы 
негізінен індет жаңадан басталған кезде 
байқалады. Мҧндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі дене 
қызуының тҧрақты тҥрде жоғары болуы (40-41ºС). Жануарлардың 
жалпы кҥйі нашарлап, әлсірейді, 2-3 кҥннен соң қҧсады, бастапқыда іші 
қатады, кейіннен қан аралас іші ӛтеді, кӛздің қасаң қабығы мен 
танаудың кілегейлі қабығы қабынады, кӛзінен кілегейлі-іріңді экссудат, 
ал мҧрынынан қан ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды.
Ауру шошқалар 
жата береді, белдері бҥкірейіп, жҥргенде аяқтарын дҧрыс баспай, 
шайқалады. Санның ішкі бетінің, мойынының, қҧлақ тҥбі мен қҧрсақ 


192 
терісінде сарғыш, сҧйыққа толы кҥлдіреуіктер пайда болып, кейіннен 
оған қан қҧйылып қою қызыл дақтарға айналады. Кейіннен аяқтың, 
іштің, қҧлақтың терісі кӛгереді. Ауру шошқалардың қанында 
лейкопения байқалады, орталық жҥйке жҥйесі зақымдалып, дене қызуы 
35-36ºС-қа тӛмендеп, 7-10 кҥндері ӛлімге ҧшырайды

Аурудың бҧл 
ағымында шошқа тӛлдерінің ӛлімі 100%-ға жетеді
.
Жітілеу ағымы 
2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу (кеуде 
тҥрі) және азық қорыту (ішек тҥрі) жҥйелері зақымдалады. Ӛкпе 
зақымдалған жағдайда қрупозды қабыну ӛрбиді, шошқа қиналып тыныс 
алады, жӛтеледі, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішек тҥрінде 
тоқ ішек кілегейлі қабатының крупозды-дифтериялық қабынуы 
байқалады, іші ӛтеді, дене қызуы мезгіл-мезгіл кӛтеріледі, жануарлар 
арықтайды, әлсірейді, әзер қозғалады, кӛбіне бір орында жатып, 
шошқаның ӛлуімен аяқталады. Аман қалған шошқалардың іші ӛтуі 
тоқтап, бірте-бірте сауыға бастайды, бірақ олар 10 айға дейін вирус алып 
жҥруші болады.
Аурудың созылмалы ағымы
екі айға немесе одан да ҧзақ уақытқа 
созылады. Бҧл кезде шошқалардың оқтын-оқтын іші ӛтеді, мезгіл-мезгіл 
қызуы кӛтеріледі, жӛтеледі, арықтайды, терісі қыртыстанып, 
қабыршықтанады. Кейде қҧлақтары мен қҧйрығының ҧштары ӛлі 
еттенеді. Мҧндай жануарлар толық сауықпай, бірнеше айлар бойы вирус 
алып жҥруші болып, айналасындағы сау малдарға қауіп тӛндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет