Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет160/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер

1.
Классикалық музыка шедеврлері. "Бетховен. Бостандық рухы " редакторы 
Л.Юсеева 
http://bookre.org/reader?file=1214609&pg=4
 


489 
2.
"Музыка 
тынысы" 
в. 
Янке 
http://www.retroportal.ru/vladimir_yanke/ 
kniga_dyhanie_muzyki_183_189.shtml 
3.
Уикипедия-Бетховен, Людвиг Ванг 
https://ru.wikipedia.org/wik
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
ЖОЛДАРЫ 
Молдакул Эрмина 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы студенті, 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы 
Қазақстан Республикасы, Тараз қ. 
Аннотация: 
В статье показана языковая грамотность учащихся младших классов: 
новшества в методике, умения учащихся общаться с внешней средой, условия адаптации 
учащихся к меняющейся жизни, содержание преподавания предметов в начальной школе. 
Ключевые слова: 
начальная школа, языковая грамотность, общение, обучение, 
содержание предмета. 
Abstract. 
The article shows the language literacy of elementary school students: innovations 
in methodology, students’ ability to communicate with the external environment, conditions for 
students’ adaptation to a changing life, the content of teaching subjects in elementary school. 
Key words: 
primary school, language literacy, communication, learning, subject content. 
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына 
сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім 
беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. 
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғым — адамдардың (жеке 
тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене 
араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Яғни 
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, 
функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі 
білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық 
сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз 
кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Осыған сәйкес алған білімдері 
негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен кез келген тілдік жағдаяттарда қарым- 
қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру — 
үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім 
беретін орта мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытудың басым бағыттарының 
бірі. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің функционалды сипатын 
зерделеу арқылы қалыптасады. Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты 
ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу болып 
табылады. Ол өз халқының баға жетпес байлығы ана тілін жетік білетін, ұлттық 
мәдени құндылықтарды бағалай алатын, тілдің таным және қатынас құралы 


490 
ретіндегі ғажайып мүмкіншілігін пайдалана білетін тұлға қалыптастыру. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заманның 
талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді 
түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс- 
тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі [1]. Яғни, оқу 
сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып 
табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым 
дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті сабақты 
дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль 
атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу 
сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы. Оқылымның мынадай ішкі 
дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады. 
1.
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу — мәтіндегі жалпы 
идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. 
2.
Нақты ақпараттарды табу үшін оқу — мәтін ішіндегі ақпараттарды 
тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу 
маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды 
немесе қажетті сөздерді тауып алу. 
3.
Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе- 
сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін 
сөзбе-сөз оқимыз. 
4.
Сөз мағынасын контексттен ажырату — мәтін ішіндегі таныс емес 
сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге 
назар аудару. 
5.
Мәтін құрылымын түсіну — мәтін құрылымының ұйымдастырылуын 
түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. 
6.
Болжай білу — оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. 
Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі 
жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған 
берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін 
қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. 
7.
Мәтін түрлерін ажырата білу — әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, 
ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, 
әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, 
хабарландыру, т.б. Бұл дағдыларды іске асыру үшін құрылатын 
тапсырмалардың да өз реті болуы тиіс. Мысалы, оқылымға арналған 
тапсырмалар құрылымы төмендегідей: Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін 
тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін 
мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою. Оқылым барысындағы 
тапсырма: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар 
(сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі 
жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс. Оқылымнан кейінгі 
тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау 
сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде 
кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы 


491 
қажет. Мысалы, бір оқиғаны сипаттап беру немесе оқиғаға баға беру. Сонымен 
қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз 
көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек. Мысал 
ретінде қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын келесі сабаққа құрылған 
оқылым тапсырмаларына назар аударайық. Сабақтың мақсаты көркем 
шығармаларды 
оқу, 
кейіпкерлердің 
бейнесін 
ашу. 
Оқылым 
алды 
тапсырмасында болжай білу тәсілі қолданылды. Оқушылар мәтінді оқымас 
бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап 
көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, берілген сөз тіркестеріне назар 
аударады, яғни өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге 
көмектеседі. Ал сөз мағынасын контекстен ажырату тәсілі арқылы — мәтін 
ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер 
мен сөйлемге назар аударады. Оқылым алдындағы тапсырма: оқушылар әңгіме 
атауына қарап, мәтіннің не туралы екенін болжайды. Қанат Әбілқайырдың 
«Атасының баласы» әңгімесінен үзінді беріледі. (оқушылар: ауыл туралы, 
тұңғыш немере, т.б. сөздерді айтады) Мұғалім дауыстап оқиды, оқушыларға 
қиын сөздердің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер мен 
сөйлемге назар аудартады.(маңғаздана қолын ұсынды, атасының қитығына тие 
берді,біреу қара саннан шымшып алғандай шоршып түсті, ауыздарының суы 
құрып,әңгіме-дүкен құру сияқты сөздердің мағынасын түсінеді). Оқушылар 
оқылым барысындағы тапсырмалар: 
1.
Мәтіннің мазмұны мен жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу тәсілі 
арқылы сұрақтарға жауап беріп, басты тірек сөздерді табады. Нақты 
ақпараттарды табу үшін оқу тәсілі арқылы дұрыс жауабы бар сөйлемді табады. 
Мазмұн бойынша сұрақтар: Мәтіндегі кейіпкерлерді атаңыз. Мұқыш 
неше жаста? Мұқышқа атасы не үйреткен? Мұқыштың нағашылары қайда 
тұрады? Нағашылары Мұқышқа не сыйлады? 
2.
Мәтін мазмұнындағы басты идеяны көрсететін тірек сөздерді табыңыз: 
А. Атасы, әжесі, көкесі 
В. Атасының баласы, бата, нағашылардың сыйлығы 
С. Отбасы, атасының баласы, өмір 
D. Мұқыш, ақсақалдар, кәмпиттер 
3.
Дұрыс жауабы бар сөйлемді көрсетіңіз: 
А. Мұқыш өзі аңдып отырған үш -төрт кәмпитті дастарханнан алып, төргі 
бөлмеге қарай зып берді. 
В. Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі 
бөлмеден шығып кетті. 
С.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алғысы келді де, 
төргі бөлмеге өтіп кетті. 
D.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі 
бөлмені аралады. 
4.
Мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз: қарт- өмір - үнемі - 
Оқылымнан кейінгі тапсырмалар: Тапсырмалар мәтінде көтерілген мәселеге, 
ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары ретінде құрастырылды [2]. 
Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді 


492 
қолдана отырып, жауап бере алатындай етіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар 
сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз 
көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алады. Оқушылар жұптарға бөлінеді. 
(Мұғалім сөздік қоры аздау оқушы мен сөздік қоры молдау оқушыны 
жұптастырады. Жұпта сұрақтарды өзара талдайды). Мұқыштың атасы қандай 
адам? Атасына ақсақалдардың сөзі қалай әсер етті? Мұқыштың дастарханнан 
3–4 кәмпитті алып кеткенін қалай бағалайсың? Бұл әдепсіздік пе, әлде еркелік 
пе? Шығармадан қандай ұлттық құндылықтарды көре алдың? Сондықтан қазақ 
тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі 
құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру – 
оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады. 
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын 
белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты 
өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ 
тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз. 
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, 
соның бірі -оқу сауаттылығы. 
Оқу сауаттылығы: 
Ақпаратты табу; 
Мәтінді 
интерпретациялау; 
Рефлексия және бағалаудан тұрады. 
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып 
отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі [3]. 
Оқу 
сауаттылығын 
қалыптастыру 
үшін 
қазіргі 
кезде 
түрлі 
технологияларды пайдалануға болады. Сондай-ақ технологиялардың бірі – оқу 
және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту 
технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер 
болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі 
ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, 
мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан 
ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп 
оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік 
құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар 
мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен 
оқитынын білуі қажет. 
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде 
мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал –түрлі жаңа 
технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу 
сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен 
маңызын ашып көрсетпекпіз. 
«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге 
жұмыстану – бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей, оқушылардың 
оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау 
бағытында бастауыш сыныпта қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 
бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргізуге болады. Lesson Study - 


493 
мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған 
ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. 
Сондай-ақ, мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру, 
дәлелдеуді қажет ететін «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар берілген 
балық қаңқасына қара сөзден проблеманы, оның туындау себептерін 
анықтады,дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен 
қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Мысалы, оқушылар «Ақыл 
басқарғысы келді, себебі ол өмірдегі барлық нәрсені білетін де, ойлап табатын 
да өзі, онсыз жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын, ғылым мен білімді де 
үйрене алмайтынын алға тартты» деп бір себебін атап көрсетуде мәтіндегі ойды 
түсінгендігін көрсете білді. Нәтижесінде, бұл әдісті оқушылардың оқу 
сауаттылығын арттыруда, түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді 
екеніне көз жеткіздік. 
Сабақты қорытындылауда, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, 
мәтіннен алған ақпаратты қорыту мақсатында «Эссе» әдісі қолданылды. Эссе 
жазу барысында оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны анықтады, сол 
идеяны өз өмірімен байланыстып, ой қорытуға, салыстырмалы қорытынды 
жасауға тырысты, өзінің алдағы уақытта негізінен жүрегін тыңдау қажеттігін, 
адамды оның жүрегі алдамайтындығы туралы ой түйгенін айтады. 
Қорыта келгенде, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда, 
мәтінмен сауатты жұмыс жасауға жетелейтін интербелсенді әдіс-тәсілдерді 
орынды, сауатты қолдана білу –әр педагогтың міндеті. Ендеше заман ағымынан 
қалмай, түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, оқытудың интербелсенді 
стратегияларын үздіксіз түрленідіріп қолдану арқылы ғана жақсы нәтижелерге, 
көздеген мақсаттарға қол жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет